$ 498.34  519.72  4.85

«Миы шайқалған»: Дәрігерлер Ақтөбеде қарда жүретін көлік соққан бір топ адамның жағдайы туралы айтты

Миы шайқалған үш бала травматология бөлімінде емделіп жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде демалыс базасының аумағында жасөспірім қарда жүретін көлік бір топ адамды қағып кетіп, оқиға салдарынан 40 жастағы әйел қайтыс болған еді. Дәрігерлер жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылған 49 жастағы ер адам мен бес кәмелетке толмаған баланың қазіргі жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Арна мәліметінше, зардап шеккен 16 жастағы бойжеткеннің жағдайы ауыр, жансақтау бөлімінде жатыр. Миы шайқалған үш бала травматология бөлімінде емделіп жатыр. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланды. Ал 17 жастағы жасөспірім амбулаторлық емделуде - ол тексеруден кейін босатылды.

"Зардап шеккендерді хирург, нейрохирург, реаниматолог, травматолог, ЛОР дәрігері қарады. Науқастардың барлығының жағдайы тұрақты, асқынған жоқ. Оларға қажетті ем-домдар көрсетілуде", - дейді дәрігер Сәкен Нұрымов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары