$ 448.56  478.03  4.79

2023 жылы дүниеге келген балалар қандай болады?

Оған қоса, Инь суы энергиясы бар Қоян жылында дүниеге келген балалар ішкі тартымдылығымен ғана емес, сыртқы сұлулығымен де ерекшеленеді.
Фото: massaget.kz
Фото: massaget.kz

Қытай күнтізбесі бойынша, Қара Қоян жылы 2023 жылдың 22 қаңтарында басталды. Қытай астрологиясы көзқарасымен, 2023 жылы - Қара Қоян жылында дүниеге келген балалар қандай болады? Бұл жайлы қытай метафизикасы сарапшысы Яна Родина айтты.

2023 жылы дүниеге келген балалар ақылды болады. Олар ақпаратты оңай меңгереді. Оларға үй жұмысын орындауға немесе мұғалімнің не айтып жатқанын түсінуге көп уақыт керек емес. Олар интуитивті түрде адамның ойын аяқтап бере алады. Бала әртүрлі саладағы білімді түсіне алады. Бала көбірек гуманитарлық ғылымға тартылып тұрса да, ол қажет кезде техникалық білім саласын да меңгеріп ала алады.

2023 жылы дүниеге келген балалар жұмсақ, икемді мінезімен ерекшеленеді. Олар айналасындағыларға ұнайды. Басқалар бұл балаларға тартылады, өтініштерін орындайды, кеңестеріне құлақ асады және қолдау көрсетеді. Сондықтан 2023 жылы дүниеге келген балалар шынымен де, өз айналасынан сапалы және жақсы қолдау ала алады.

Оған қоса, Инь суы энергиясы бар Қоян жылында дүниеге келген балалар ішкі тартымдылығымен ғана емес, сыртқы сұлулығымен де ерекшеленеді. Олар тартымды және сүйкімді келеді.

Сондай-ақ жұмсақтығына қарамастан, олар қырсық келеді. Олар өз қалағанына қысымсыз, айқайсыз жоспармен жетеді. Сондықтан, болашақ ата-ана, балаңыз қалаған ойыншығын алдыртпай қоймайды.

Алайда, адамның мықты және әлсіз тұстарын толық білу үшін оның туған жылын ғана емес, оның Ба-Цзы картасындағы барлық энергиясына анализ жасау қажет.

Дереккөз: massaget.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары