$ 441.66  475.14  4.86

Бір миллионнан астам қазақстандық өзін банкрот деп жариялай алады

"Банкрот" мәртебесі "қара таңба" сияқты ғой, сондықтан азаматтардың көбі ойланып шешіп қабылдайды деген сенімдемін.
Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков
Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Қазақстанда 1 млн 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Бұл туралы қаржы вице-министрі Ержан Біржанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, қаңтар айының басынан бері ведомствоға банкроттық мәселесімен 10 мыңнан аса адам жүгінген.

"Барлығы 1 миллион 100 адам банкроттыққа өтініш бере алады. Одан аспайды. Бірақ банкрот болу, болмауды әркім өзі шешеді. "Банкрот" мәртебесі "қара таңба" сияқты ғой, сондықтан азаматтардың көбі ойланып шешіп қабылдайды деген сенімдемін", - деді Біржанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол банкрот атанған азамат бес жыл бойы жаңа кредит ала алмайтынын атап өтті. Бұған қоса "банкрот" статусы 7 жыл бойы сақталады.

Еске салсақ, банкроттыққа өтініш қабылдау 3 наурызда басталады.

Қарызын төлей алмай жүрген қазақстандықтар 3 түрлі рәсім бойынша кредитінен құтыла алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары