Жаңалықтар 01.02.2023 сағат 18:00

«Дайын бол!»: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған боксшыға жауап берді

Сен чемпион болмасаң да, танымал болмасаң да, бірақ сенде батылдық бар екен.
«Дайын бол!»: Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жекке шақырған боксшыға жауап берді
Фото: massaget.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Орта салмақта жұдырықтасатын қазақ боксшысы Жәнібек Әлімханұлы (13-0, 18 КО) әлеуметтік желі арқылы WBC тұжырымы бойынша уақытша чемпиондық атаққа ие доминикандық Карлос Адамеске үндеу жасады.

Доминикандық боксшы осыған дейін Жәнібекті жұдырықтасуға шақырған. Ал отандасымыз бұл жекпе-жек жайлы ойлануда деген ақпарат тараған. 

Менімен жұдырықтасқың келетінін естігенде таң қалдым. Сен чемпион болмасаң да, танымал болмасаң да, бірақ сенде батылдық бар екен. Мен мұны құрметтеймін! Сенімен қуана-қуана жұдырықтасамын. Бұл жекпе-жек маған спаррингтен де жеңіл болады! Дайын бол! - деп жазды отандасымыз. 

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар