$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда бұрынғы шенеуніктен 4,8 млрд теңгенің жер телімі тәркіленді

10 жыл бойы Өскеменде төрт учаске, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы үш бірдей жер телімі облыстың бұрынғы шенеуніктерінің біріне тиесілі болған
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

Шығыс Қазақстан облысында 2022 жылы кадастрлық құны 5,5 миллард теңгені құрайтын 36,9 мың гектар 533 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы.

Өңірдің бұрынғы шенеунігіне тиесілі жерлер шамамен 10 жыл бойы пайдаланылмаған.

"Мысалы, 10 жыл бойы Өскеменде төрт учаске, сондай-ақ Бұқтырма су қоймасының жағалауындағы үш бірдей жер телімі облыстың бұрынғы шенеуніктерінің біріне тиесілі болған", - деді облыс прокуратурасы.

Бұл жерлердің барлығы мемлекет меншігіне өтті. Олардың нарықтық құны 4,8 миллиард теңгеге бағаланды.

sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары