$ 444.14  477.05  4.85

Елена Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасын жеңді

Абу-Даби турнирінің жалпы жүлде қоры - 780 637 АҚШ доллары.
Фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images
Фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде өтіп жатқан WTA-500 санатындағы турнирді сәтті бастады.

Жарысты екінші айналымнан бастаған Рыбакина әлемнің бұрынғы бірінші ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездескен болатын. 1 сағат 10 минутқа созылған матчта Елена 6:4, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Бұл кездесу отандық теннисшіге айтарлықтай қиындық тудырған жоқ. Ширек финалда Рыбакина Беатрис Хаддад-Майя (Бразилия) мен Юлия Путинцева жұбының жеңімпазымен кездеседі. Абу-Даби турнирінің жалпы жүлде қоры - 780 637 АҚШ доллары.

Турнирдің қазіргі жеңімпазы - белоруссиялық Арина Соболенко. Елена Рыбакина 2022 жылғы "Уимблдон" турнирінің жеңімпазы, 2023 жылы Австралия ашық чемпионатының финалисті. WTA рейтингінде Рыбакина 10-орында тұр. 

nur.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары