$ 481.84  531.33  5.07

Шығыс Қазақстанда 87 жастағы қария мен тағы екі адам жол апатынан көз жұмды

ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-ның кәмелетке толмаған жолаушысы Катонқарағайдағы ауруханада қайтыс болды.
Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Бүгін Өскемен-Рахман қайнары республикалық маңызы бар автожолында Топқайың және Катонқарағай ауылдары арасында ВАЗ-208 және Lada Granta автомобильдерінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Салдарынан ВАЗ -2108 көлігінде отырған 87 жастағы жолаушы оқиға орнында мерт болды.

ВАЗ-2018 көлігінің 19 жастағы жүргізушісі және Lada Granta-ның кәмелетке толмаған жолаушысы Катонқарағайдағы ауруханада қайтыс болды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы, 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бірқатар сот сараптамалары тағайындалған, оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады.

Қылмыс-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жарияланбайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары