$ 494.87  520.65  4.91

Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алады

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі.
Фото: newtimes.kz
Фото: newtimes.kz

2023 жылғы қаңтар айында көпбалалы 532,6 мың отбасына 33,1 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Мемлекеттік жәрдемақыға кәмелетке толмаған 4 және одан көп бірге тұратын немесе күндізгі бөлімде оқитын 23 жасқа дейінгі студент балалары бар отбасылар үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеледі:
4 баласы барларға – 16,03 АЕК немесе 55 304 теңге;
5 балаға – 20,04 АЕК немесе 69 138 теңге;
6 балаға – 24,05 АЕК немесе 82 973 теңге;
7 балаға – 28,06 АЕК немесе 96 807 теңге;
8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 13 800 теңге мөлшерінде.

Еске салсақ, мемлекеттік жәрдемақы 2020 жылы 1 қаңтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тетіктерінде көзделген табысы аз және көпбалалы отбасыларды қолдаудың үш негізгі бағыты аясында енгізілген болатын. Жәрдемақы төлеу кезінде көпбалалы отбасылардың табысы ескерілмейді.

2023 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 8,5%-ке артты.

Дереккөз: sputnik.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары