$ 489.06  536.21  5.05

АМАNАТ: Алматы облысында жас кәсіпкерлерге төмен пайызбен несие беріледі

Осылайша, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлінбек.
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен

Алматы облысында 280 мың жас тұрады. Олардың ішінде жұмыссыздар үлесі 6 мыңға жуық. Жас буынды қолдау үшін «AMANAT» партиясы бірқатар ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі төмендейді. Осылайша, жастардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлінбек. Азаматтардың екі қолға бір күрек табуына жәрдемдесумен қатар, баспанамен қамтамасыз етуге жүйелі жұмыс жоспары бекітілген. 

Жаңа бастамаларды облыстық штаб төрағасы Қуат Байғоджаев пен штаб төрағасының орынбасары Ерболат Тұрұмбетов Қонаевта орналасқан сауда орталығында өткен экспромт-кездесуде таныстырды.

Шара аясында штаб мүшелері жастарға «Алатау жастары», «Тәуелсіздік ұрпақтары», «Бақытты отбасы» жобаларын тереңінен түсіндірді. 

«Жастардың кәсіп ашып, нәсіп табуына ерекше ден қойып отырмыз. Осы орайда, жыл сайын жас кәсіпкерлерге 2,5 % – бен 350-ге жуық жеңілдетілген несие беріледі. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандары үшін Қонаев қаласы мен Еңбекшіқазақ, Қарасай аудандарында 3 дағдарыс орталығы ашылады. Жалпы, партияның алдағы міндеттемелерін жүзеге асыру барысында жұмыссыздық деңгейі 3,5%- дан 2,9%-ға дейін төмендетіледі», −деді Қуат Байғоджаев. 

Партияның сенімді өкілдері іргелі істер нәтижесінде алдағы жылдары өңірде NEET санатындағы жастар саны айтарлықтай төмендейтінін тілге тиек етті. Қазірде олардың үлесі 7,4% құраса, алдағы 5 жылда 6,9% жетпек. 

Мұнымен қоса, штаб мүшелері қала тұрғындарына үгіт-насихат парақтарын да таратты. Жастардың ой-пікірін тыңдап, толғандырған проблемаларына үңілді. Кездесуде олардың тарапынан сайлауалды бағдарламаға оң көзқарас байқалды. Жас буын «Жаңа Қазақстанды» құруда бірлесе жұмыс атқаратындарын жеткізіп, көңілге сенім ұялатты. 

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары