$ 494.87  520.65  4.91

AMANAT: Алматы облысында 2027 жылға дейін барлық заңсыз полигондар жойылады

Өңірдегі экологиялық жағдай жақсарады, Қонаев қаласындағы кәріз тазарту құрылыстарының тозу проблемасы толығымен шешіледі.
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен
Фото AMANAT партиясының баспасөз қызметінен

Бүгін «AMANAT» партиясы атынан Алматы облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Асқар Сүлейменов Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ұжымымен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Нысанда 40-қа тартам маман табиғат байлығы мен аң-құстарды қорғауда қалтқысыз қызмет етіп жүр.

Талғар ауданындағы Мемлекеттік табиғи қорығының 90 жылдық тарихы бар. Қазірде нысан ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік резерваттар желісіне енген. Мұнда 1440 өсімдік түрі өседі. Мыңнан аса жануар түрі мекендейді. Олардың қатарында ҚР Қызыл кітабына енгендер де бар. 

Қорық ұжымымен кездесуде Асқар Сүлейменов қатысушыларға сайлауалды бағдарламаны таныстырды. «Аманат» партиясы Алматы облысының экологиялық мәселелерін шешуге күш салатынын жеткізді.

«Қазіргі таңда, өңір аумағында 50-ге тарта рұқсат етілмеген қоқыс үйінділері бар. Алдағы 5 жылда барлық заңсыз полигондар жойылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу үлесі 22-ден 40,2 пайызға дейін артады. Өңірдегі экологиялық жағдай жақсарады, Қонаев қаласындағы кәріз тазарту құрылыстарының тозу проблемасы толығымен шешіледі», − деді өз сөзінде. 

Сонымен қатар, кандидат сайлауалды бағдарламаның өзге тармақтарын жіті түсіндірді. Оның басты мақсаты – халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталғанын атап өтті. Тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру – жоспарға қойылған басты міндет екенін жеткізді.

Алматы облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары