$ 498.34  519.72  4.85

Құймақ жеу сайысы кезінде әйел адам көз жұмды

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Фото: pixabay
Фото: pixabay

Омбы облысының тұрғыны құймақ жеу сайысына қатысып, түйіліп өлді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

Құқық қорғау органдарындағы ақпарат көздерінше, мерекелік іс-шара аясындағы жарыс 25 ақпанда "Коммунальник" шипажайында өткен. 38 жастағы әйел жедел жәрдем келгенше көз жұмған. 
"Оқиға туралы ақпарат расталды. Әйел мерекелік іс-шараларға, құймақ жеу байқауына қатысқан. Шамасы, ол түйіліп, жедел жәрдем келгенше қайтыс болған", - деп түсіндірді ақпарат көздері РИА Новости тілшісіне.

Ақпаратты Ресейдің Омбы облыстық ішкі істер министрлігінің басқармасындағылар да растады. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары