$ 478.93  534.96  5.16

Ақтауда бекіре мүсіні қала көркін бұзып тұр

Бұл мүсіннің қалай болса, солай және сапасыз материалдардан жасалғанын дәлелдейді.
Фото: Lada.kz
Фото: Lada.kz

Бір жыл бұрын Ақтау жағалауында орнатылған сәулет мүсіні қаланың көркін бұза бастады. Жергілікті халық осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Lada.kz.

"Кезінде әдемі болып тұрған еді, ал қазір ешкімге керек болмай қалғандай. Бірақ бір жыл ғана өтті. Бұл мүсіннің қалай болса, солай және сапасыз материалдардан жасалғанын дәлелдейді", - дейді Ақтау қаласының тұрғыны Таңшолпан.

Қала әкімдігі мердігер ұйым анықталғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады.
Ақтау жағалауындағы 13 метрлік бекіре балығы өткен жылдың ақпан айының басында орнатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары