АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенге Қазақстан ұнағаны соншлық, ол тіпті Twitter-де лебізін қазақша білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Блинкен Қазақстанға сапары ұнағанын жазды.
"Қайырлы күн, Қазақ елі! Маған сапарым мен осы елде өткізген нәтижелі кездесулер ұнады. Қазақстанда жылы қарсы алғаныңыз үшін және #C5plusUS өткізгеніңіз үшін Президент @TokayevKZ және @MFA_KZ алғыс айтамын", – делінген хабарламада.
Энтони Блинкен Астанаға 28 ақпанда ресми сапармен келген еді.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысын Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдады. Америкалық дипломатты қарсы алған мемлекет басшысы дипломатиялық қарым-қатынас орнағаннан бері Қазақстан мен Америка Құрама Штаттары екіжақты және көпжақты форматта үлгілі ынтымақтастық орнатқанын атап өтті.