03.03.2023, 10:00

Таразда сот төрағасы сотталды

Фото: pixabay
Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Жемқорлық қылмыс жасағаны үшін Тараз қалалық сотының төрағасы сотталды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Тараз қаласының №2 сотының үкімімен Жамбыл облысы Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаров жемқорлық қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ, А. Мадемаров өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және меншік құқығын жарамды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешімге жәрдемдескені үшін азаматтан алдау жолымен 1 миллион теңге мөлшерінде ақшалай қаражат алды», - делінген ресми мәлімдемеде.

Тегтер: сот Тараз