Наурыз мерекесіне орай Шымкенттің Әл-Фараби ауданында ауылшаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі өткізілді. Алайда, жәрмеңке деген аты болмаса мұндағы азық-түлік бағасы базар бағасынан әлдеқайда қымбат дейді TVK телеарнасы.
Жәрмеңкеге облыстың барлық ауданынан ауылшаруашылық өнімдері тасымалдануда. Мәселен, бір ғана Қазығұрт ауданынан 17 тонна өнім жеткізілген. Оның ішінде ет, картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ және сүт өнімдері бар. Аудандық алуы шаруашылығы бөлімінің басшысы хабарлағандай, олардың әкелген тауарлары базар бағасынан 15-15%-ға төмен екен. Алайда, сүт өнімдері ол айтқандай арзан болмай шықты, керісінше нарықтағы бағадан қымбатырақ.
«Бізде картоп пен пияздың бағасы арзан, өйткені көп. Ал, сүт өнімдері сәл қымбатырақ шығар, нақты білмеймін. Өйкені, қазір сүт аз»,- дейді Қазығұрт аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Сәбит Әлсейітов.
Жергілікті тұрғындар болса апта сайын өтетін жәрмеңкеге арзан тауар алу үшін келмейтінін айтады. Мәселен, Александр Кирилов үйі жақын болғандықтан ғана осында келіп сауда жасайды екен.
«Баға қымбат болса да мұндағы көкөністер жаңа жұлып әкелінген. Базардағы өнімдер тұрып қалған. Мен өзім қазір базарға баруды қойдым. Алыс. Мұнда жаяу келемін»,- дейді қала тұрғыны.