$ 447.4  477.55  4.76

Ақтауды су алып кетті (ВИДЕО)

Ақтауды толассыз жауған жаңбыр салдарынан қала су астында қалды. Көшелерде тасыған су салдарынан жол көлік оқиғалары жиілеп, қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, электр энергиясымен де қиындықтар туып отыр.

"Лада" порталының хабарлауынша, облыс орталығындағы жабық теннис кортын да су алып кеткен. Бұл орталықта спортшылар үлкен жарысқа дайындалуы тиіс болатын.

"Қала жолдары" ЖШС директоры Сергей Бермұхамедовтың айтуынша, алдағы екі күнде ақтаулық коммуналды қызмет көрсетушілер күшейтілген режимде жұмыс істейтін болады.

"Сағат түнгі 2-ден бастап біз Ақтау көшелеріндегі суды сорумен айналысып келеміз. "Каспий жылу, су арнасы" мен ТЖД бізге арнайы техникаларын берді. Наурыздың 20-нан 21-не қараған түні арнайы кезекшілік орнаттық. Сағат 02:00-де суды соруға 5 бойлер автокөлігі шықты. Сағат 05:00-де олардың саны жетеуге жетті. Сағат таңғы жетіде тағы екі бойлер автокөлік пен 10 дана мотопомпа суды соруға кірісті. нәтижесінде, қалада қазір 20 техника жұмыс істеп тұр", - дейді компания директоры.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары