Жүкті кезімде екі көзім көрмей қалды. Сол кезде жолдасым маған қарауды қиынсынып, бала-шағаммен тастап кетті.
Қазақша сән үлгісін көрсетіп жүрген белгілі дизайнер Құндыз Қалитқанқызы отбасылық өмірі туралы баяндады. Оның айтуынша, әмеңгерлік салты бойынша әулеттің үлкендері оны қайын ағасына қоспақ болған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы ол «Қыздар-ай» бағдарламасында айтып берді.
Ата-салтымыздың дәстүрі бойынша қазақтар әмеңгерлік салтты қолдаған. Қазір заман басқа. Әркім өз еркімен өмір сүреді. Өз басым көне салтты қолдамаймын. Менің қайын ағама сезімім болмады. Оны мен әулеттегі үлкендердің әңгімесінен естіп қалдым. Жолдасым өмірден өткеннен кейін ағасына қоспақшы болды. Мен оған көнбедім, – деді ол.
Сондай-ақ, не үшін әмеңгерлікке қарсы екенін де түсіндірді.
Екі рет тұрмысқа шықтым. Бірінші жолдасым қайтыс болғаннан кейін, қайын ағама тұрмысқа шықпай кетіп қалдым. Екінші жолдасым мені тастап кетті. Жүкті кезімде екі көзім көрмей қалды. Сол кезде жолдасым маған қарауды қиынсынып, бала-шағаммен тастап кетті. Бізге берілген сынақты көтере алмады. Содан кейін ер-азаматтардан көңілім қалды, – деді сәнгер.