$ 443.35  475.54  4.82

Қызғылт қоқиқаздар қайта оралды (ВИДЕО)

«Әйтеуір бір күні Ақтауда Қаракөлдегі құстарды бақылауға арналған қауіпсіз инфрақұрылым пайда болады деп сенемін», - деп жазды ол парақшасында.

Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev/
Фото: instagram.com/azamat_sarsenbayev/

Көктем қарсаңында Маңғыстау облысына «Қызыл кітапқа» енген қызғылт қоқиқаздар қайта оралды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

Бұл туралы жергілікті блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті.

Қаракөлге қызғылт қоқиқаздың қайтып оралған видеосын блогер Азамат Сәрсенбаев Instagram парақшасында жариялады. «Қоқиқаздар жылы климаттан қайтып келеді. Бұл құстарға таңқалудан жалыққан емеспін. Әйтеуір бір күні Ақтауда Қаракөл көліндегі құстарды бақылауға арналған қауіпсіз инфрақұрылым пайда болады деп сенемін», - деп жазды ол парақшасында.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары