$ 494.87  520.65  4.91

8 наурыз мерекесі қарсаңында көпбалалы аналар біржолғы төлем алады

Қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің әйелдеріне төлем аударады.

Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Мереке қарсаңында халықтың әлеуметтік осал топтарына кіретін 21 861 әйел біржолғы төлем алады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Қарағанды, Теміртау, Приозерск, Осакаров және Шет аудандарында мерекеге орай төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға және «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға ақша аударылмақ.

Балқашта көпбалалы аналар, Құрметті азаматтар, тыл еңбеккерлері, ҰОС қатысушыларына теңестірілген адамдар, еңбек ардагерлері, белсенді емес тыл еңбеккерлері, мүгедек балалар, белсенді емес жалғыз тұратын әйелдер, қайтыс болған ҰОС ардагерлерінің әйелдеріне төлем аударады.

Саранда төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, мүгедек балаларға, аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Абай ауданында ХӘОТ, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларға, мүгедектерге, зейнеткерлерге, түрлі саладағы қызметкерлерге бөлінеді.

Ақтоғай ауданында төрт және одан да көп баласы бар көп балалы аналарға, «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, аз қамтылғандарға, мүгедектерге, зейнеткерлерге (әйелдерге) беріледі.

Бұқар жырау ауданында аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан әйелдер, мүгедектер, зейнеткерлер және ХӘОТ қаржылай қолдау көрсетіледі. Қарқаралы ауданында 18 жасқа дейінгі төрт және одан да көп баласы бар көпбалалы аналарға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға, аз қамтылған, мүгедектерге беріледі.

Нұра ауданында аз қамтылған, көпбалалы аналар, жастар біржолғы қолдау алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары