$ 498.34  519.72  4.85

Қазақ салт-дәстүрі Батыстан бөлекше

Әртүрлі мәдениеттегі дәстүрдің мазмұны мен қамту аясы әр қилы болады.  Соған жараса өзінің төлтума ерекшелігінің болуы дәстүрдің бірегейлігін қалыптастырады.

Фото: By Sergei Ivanovich Borisov www.sibheritage.nsc.ru
Фото: By Sergei Ivanovich Borisov www.sibheritage.nsc.ru

«Дәстүр» ұғымы ғасырлар бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа аманатталып жеткен, ұлттық ұзақ уақыттың тәжірибесі мен дүниетанымы сіңген әлеуметтік нормалар топтамасын, құндылықтар жинтығын меңзейді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қамту аясы өте ауқымды. Өмірдің көптеген саласында, айталық, жеке бастық ұстанымнан бастап отбасылық жоралғылар, мерекелік іс-шаралар, діни ритуалдар, қоғамдық-әлеуметтік құндылықтар мен қимылдар дейінгі мәдени қабаттардың, көзқарас, іс-әрекеттер жүйесінің дәстүрден ашлақ болуы мүмкін емес. Тіпті, жеке өмірден тартып, саяси өмірге қоғамдық, әлеуметтік, саяси құбылыстар мен шешімдердің барлығында салт-дәстүр көрініс тауып, маңызды рөл ойнап отырған. Сол үшін де дәстүр адам өмірінде елеулі маңызға ие. Оның көзқарасы, ұстанымы, дүниетанымы, наным-сенімі, тұрмыс-дағдысына дейін дәстүрді табын байқауға болады.

Әртүрлі мәдениеттегі дәстүрдің мазмұны мен қамту аясы әр қилы болады.  Соған жараса өзінің төлтума ерекшелігінің болуы дәстүрдің бірегейлігін қалыптастырады. Түрліше мәдениеттер өзінің сан қырлы дәстүрлерімен де бөгенайы бөлек құндылыққа айналады.

Қазақстандағы дәстүр мемлекет құраушы ұлт – Қазақ ұлтының дәстүрі негізінде қалыптасқан. Ал, қазақ дәстүрлі сан ғасырлық уақыт сынынан өткен, тарихи тәжірибесі бай, мазмұны алуан түрлі, өзіндік болмыстық мәнге ие, мағыналық қырларымен ерекшеленіп тұратын дара мәдени құбылыс.

Жалғасы: Салт-дәстүр және даму – 1

Салт-дәстүр және даму – 2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары