$ 441.66  475.14  4.86

Салт-дәстүр және даму – 1

Сөз етіп отырғанымыз ұлттың ескірмес, уақыт желі мұжып жоғалта алмас, балталаса да бізден айырылмас «сүйекке сіңіп» кеткен салт-дәстүрлер хақында.

Фото: aqmeshit-zhastary.kz
Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Бала өмірге келгеннен тартып, адам өмірден өткенге дейінгі аралықты қамтитын бай мазмұнды дәстүр жүйесі қалыптасқан. Көшпелі мәдениеттің бір мазмұны ретінде қалыптасып, біртіндеп отырықшы мәдениеттің құраушысына айналғанын баса айтуға болады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Құда түсу, келін алу, қыз ұзату, құрсақ шашу, шілдехана, сүндет той, тілашар, ашамайға мінгізу, үйлендіру сияқты жеке тұлғаның өмір кезеңдерінен тұратын дәстүрлердің өзінде көшпенді танымның, ұлттық ойлау жүйесінің іздері сайрап жатады. Дәмтатқызу, қуыс үйден құр шығармау, ерулік, соғымбасы, т.б тұрмыстық салт-дәстүрлерде береке-бірліктің, татулықтың, кеңпейілділік пен жоғарттықтың нышанын білдірсе, қымызмұрындық, асар, қолұшын беру, жылу жинау, тағысын тағы салт-дәстүрлері әлеуметтік жауапкершілік пен азаматтық болмыстың «жазылмаған заңы».  Жасау, кит, жыртыс, өліті-тірісі, жабдық сияқты ғұрыпттық салт-дәстүрде ұлттың эстетикалық қуаты, мәдени талғамы, дүниетанымының аясы, этикалық нормалары жинақталып көрініс табады. Ал, хан көтеру, ақ киізге отырығызу, болмаса, төрелік айту, жүгініс, ханталапай, тағы сондай саяси өмірге бағытталған салт-дәстүрлеріміз халқымыздың саяси сауатын, ұстанымдарын, көзқарасын, демократиялық көрсеткішін әйгілейді. Бұлардың қайсысын алсаңыз да, көпшенді дүниетанымның табиғатпен, адамдық құндылықтармен ұштасқан элеметтерін табуға болады. Бұл батсыстық дәстүрлерден көрнекті ерекшелігінің бірі.

Ұлттық дәстүрдің даралық сипаты айқын. Символдық мәні айырықша. Айталық, көріс, оңжаққа салу, жетісін беру, ас беру тағы басқа діни дәстүрлердің өзінде арабтық негізндегі жоралғылардан көрі ұлттық элементтердің кірігуі арқылы дара діни-ұлттық дәстүр қалыптасқан. Осы дәстүрлі желі үзілмеген кезде біздің даламызда діни алауыздық белең алмаған, біртұастық сипаты басым болған. Демек, кез-келген мәдени экспансияға жұтылмаудың қайнар көзі ретінде қазақ салт-дәстүрі үнемі ұлттық ұятына, өзіндік дара болмысына қорған болғанн. Бүгінгі жаһандану үрдісінде бұл тарихи тәжірибенің берері мол. Тиімді тұстарда пайдаланса, ұттық қауіпсіздік пен бірегейлігімізді, рухани өркениеттегі биік болмысымызды сақтап қалуға тұтқа болатын феномен.

Сөз етіп отырғанымыз ұлттың ескірмес, уақыт желі мұжып жоғалта алмас, балталаса да бізден айырылмас «сүйекке сіңіп» кеткен салт-дәстүрлер хақында. Алайда, салт-дәстүрге байланысты «Озығы бар, тозығы бар» көзқарасы ежелден бар. Бұл салт-дәстүрдің мазмұны мен уақыт талабын өзара ұштастыруға үндейтін, дайым өсіп, бай мазмұн жасап отырудың стратегиялық өлшемі. Дей тұрғанмен, осыны желеу етіп, дәстүрдің бәрін күтаналап, салттың бәріне топырақ шашуға болмайды.

 

Басы: Қазақ салт-дәстүрі Батыстан бөлекше

Соңы: Салт-дәстүр және даму – 2

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары