Бүгінде «салт-дәстүр ескінің қалдығы», «жаңа заманға салт-дәстүрдің керегі не?» деген пікірлер бой көрсетіп қалады. Олардың айтуынша, «көненің сарқыты» мемлекеттің дамуына кедергі болады екен.
Салт-дәстүр үздіксіз байып, жетіліп, толысып, толықтанып отырады десек те, оны ұлттық болмысынан, өмірінен сызып тастау үлкен қателік, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бүгінде «салт-дәстүр ескінің қалдығы», «жаңа заманға салт-дәстүрдің керегі не?» деген пікірлер бой көрсетіп қалады. Олардың айтуынша, «көненің сарқыты» мемлекеттің дамуына кедергі болады екен. Бұл көзқарастың қауіпті тұрстары бар екенін ескеруіміз керек. Бүгінде әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдерінің бірі Жапонияда салт-дәстүр күні бүгінге дейін айырықша мәнге, құрметке, қорғауға ие қоғамдық құндылық саналады. Оларда жерде отырып тамақ ішу, әйел адамның есіктен артымен шығуы, қоғамдық орындарда ер адамдарға бірінші қызмет көрсету, ананы құрмет тұту, үйде ұлттық киім киіп жүру, дәстүрлі тамақтарды құрметтеу сияқты тұрмыстық салт-дәстүрлерден тартып, қағаз жасау, дәстүрлі құрлыстық безендіру, ұттық кәдесыйларды пайдалану, қолөнерімен айналысу, дәстүрлі күріш шаруашылығын мемелкеттік деңгейде қолдау, сыйлық жасауда дәстүрлі мәдениеттің жетекші орында болуы, жаңа жылды құттықтау сынды қоғамдық-әлеуметтік маңызы бар салт-дәстүрлері күні бүгінге дейін дамыған Жапон мәдениетінің ерекше типтері саналады. Әрі ел ішінде өте үлкен құрметке ие. Статустық мәні жоғары. Ал, дамыған экномикалық саланың өзінде мың жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан дәстүрлі стильдегі қонақ үйлер, бизнес саласында менеджерлік, менеджменттік, реттеуші тетіктерде, қарым-қатынас мәдениетінде елеулі орында тұратын дәстүрлі жапон көзқарасы әлі күнге ардақталып, дәріптеледі. Демек, уақыт сынынан өткен салт-дәстүр мемлекеттің дамуына ешқандай кедергі келтірмейді. Керісінше, дамаудың қозғаушы күшіне айналады.