$ 494.87  520.65  4.91

Ақтаулық әйел 13 жыл бойы күйеуінен таяқ жегенін айтты (ВИДЕО)

Мамырдың 12-сі күні Ақтау қалалық полиция бөлімі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, тергеу басталғанын хабарлады.

Бұған дейін Арайлым есімді бойжеткен БАҚ-қа басынан өткен оқиғаны айтып, видеосын жариялаған. Ол үндеуі арқылы елдегі барлық құқық қорғау органдарынан өзін күйеуінен қорғауға көмектесуін өтінген. Енді Ақтау полициясы күйеуінен зорлық-зомбылық көргенін хабарлаған қазақстандық әйелдің ісіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы

Келіншектің айтуынша, күйеуі 13 жыл бойы ұрып-соғып келген. Ол отбасындағы зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды.

Жұбайымен ақырғы кездесуінің соңы Арайлым үшін ауруханаға түсумен аяқталған. Наурызда ер адамға әйеліне жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы туралы үкім шыққан. Алайда бұл оны тоқтатпапты.

«9 наурызда күйеуім Ақтау әуежайынан келе жатқанымда ізіме түсіп апатты жағдай туғызды. Соның салдарынан тоқтауға мәжбүр болдым. Ол көлігіме жақындап келіп, есікті ашуымды талап етті. Қоқан-лоққы көрсетіп, бейәдеп сөздерін айтты. Мен есіктерді жауып алдым. Ол көп ойланбастан жүргізуші жақтағы әйнекті бір ұрып сындырды», - деді әйел.

Оның айтуынша, жанында құрбысы отырған. Ол болған жағдайдың бәрін видеоға түсіріп отырған. Оқиға орнына полиция келгенде, Арайлым орнынан қозғала алмаған. Жүргізуші орындығында есін жия алмай, біраз уақыт жылап отырып қалған. Осы кезде құрбысы полицейлерден жедел жәрдем шақыруларын өтінген, бірақ олар асықпаған.  Кері сінше құрбысы болып жатқан жағдайды видеоға түсіріп алған.

Мамырдың 12-сі күні Ақтау қалалық полиция бөлімі оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, тергеу басталғанын хабарлады.

«Қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Ақтау полиция басқармасы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 2
Ашулы 6

Серіктес жаңалықтары