$ 471.46  504.79  5.53

«Ұлы Абайдан садаға кет!»: Ақын өлеңдерін сынаған Құралай ханым жұртқа жақпай қалды

70 жыл саясатта біз соған үйреніп қалғанбыз. Қазақ нашар, қазақ жалқау, қазақ ұйқыбас, мақтаншақ деген секілді.

Фотоколлаж: Sn.kz
Фотоколлаж: Sn.kz

Қазақтың қыз-келіншектеріне ақыл айтып жүрген коуч, психолог блогер Құралай ханым Абай өлеңдеріне үңілді. Оның айтуынша, Абай Құнанбайұлы өлеңдеріне қазақтың тек жаман мінезін арқау еткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Сынға үйреніп қалдым, иммунитет қалыптасты. Бірақ, қазақ қоғамында сын өте көп. Жақында Зәуре Батаеваның «Абай жұмбағы» деген мақаласын оқыдым. Сол жерде совет үкіметінің сұрқия саясаты бар. Кезінде Абай атамыздың қазақты «Самобичивание» дейді ғой, ұстарасыз аузыңа түсті-ау мұртың деген секілді қазақтың қиын тұстарын, нашар мінезін, мақтаншақтығын, жамандығын әкеліп көрсете берген. 70 жыл саясатта біз соған үйреніп қалғанбыз. Қазақ нашар, қазақ жалқау, қазақ ұйқыбас, мақтаншақ деген секілді. Қазір соған қоғам соны жаттап өскен. Ал, мен 10 жыл бойы инстаграмда мақтанғым келеді, қазақтарды мақтағым келеді», - деді коуч.

Бұл ретте, әлеуметтік желі қолданушылары Құралай ханымның пікірімен келіспейтінін жарыса жаза жөнелді.

«Құралай, Абайға жолама. Ол сенің әдемі де жеңіл өміріңе мысал бола алмайды», «Саған Абайдың өлеңдерін түсіну қайда», «Абайды сөз қылу үшін оны оқып, зерттеу керек», «Сен фэн-шуйді айтып жүре берсей», «Ұлы Абайдан садаға кет», - деп жазды олар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 64
Ұнамайды 34
Күлкілі 7
Ашулы 60

Серіктес жаңалықтары