$ 494.87  520.65  4.91

«Қазақ әлі жоғары қарауға қорқып, уағызға уланып жатқан қауым» – Ахметбек Нұрсила

Бір кездері Екатерина қазаққа құлдық сана сіңіруді қожа, сарт-татарларды жалдап «Указной молда» жіберу арқылы жасап еді.

Фото: facebook.com/akhmetbeknursila1
Фото: facebook.com/akhmetbeknursila1

Белгілі бизнес-тренер, кәсіпкер Ахметбек Нұрсила Facebook желісінен 3 айға үзіліске кететінін айтып, ренішінін жеткізді. Оның пайымдауынша, желіде сөз ұғарлық адам  аз секілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

«3 айға ФБ дан кетіп барам, бұл біраз уақыт қой. Бірінші себебін алдыңғы посттымда жаздым. Екінші себебі «Мұңдасарға кісі аз сөзді ұғарлық...». (Абайда мүлде жоқ, менде шүкір аз да болса бар.

Өкінішке қарай, қазақ қауымы білім-ғылымнан ада болып барады. Бір кездері Екатерина қазаққа құлдық сана сіңіруді қожа, сарт-татарларды жалдап «Указной молда» жіберу арқылы жасап еді.

Математика ғылымының докторы базарда тәшкі итеріп жүрген адаммен қалай, не деп дауласады? Осы посттың астына «Мына хайпажор, мақтаншақ, әулекі, адасқан ақымақ тағы небір теңеулер кетер екен!? «Өзінше профессор, бізді оқымаған надан деп отыр» деп жаза бастайтындар мол екеніне күмәнім жоқ. Ал 40-70 жас аралығындағы замандастарымның неге бұндай болып кеткенін әлі түсіне алмай жүрмін. Мүлде кітап оқымаған, мектеп көрмеген жандармен сөйлескендей әсер аласың. Бірдеме жазсаң мүлде байыбына бармай, оқымай, не жазып отырғаныңды түсінбей ақ балағаттап, қарғап, мазақтай бастайды. Мен керемет дарындық, әулие, данышпан адам емеспін, қарапайым ауылдың мектебін бітірген қазақтың бір азаматымын. Айырмашылығым уақытымның 70-80% кітап оқумен, білім алумен өткіземін, сондықтан көбірек білемін, бар болғаны сол», - деп жазды ол.

Тіпті ол медицинаның шамасы келмей жатқан аурулардың емдеп жазып жүргенін алға тартты.

«Күрделі деген медицина саласында қазір көптеген профессор, ғылым докторларымен бірдей деңгейде сөйлесетін, тіпті әлем медицинасы пұшайман болып, шамасы келмей жатқан дерттерді емдеп жазып жатырмын. Былтыр Алматыдаға кардиология институтының 28 жылдық тәжрибесі бар Хван деген флеболог (қан тамырлары ауруын емдейтін дәрігер) дәрігермен 2 сағат сөйлескен соң «Мен сізді институттың директорымен таныстырайын, бізге келіп лекция оқыңызшы» деп шақырған еді. Кейде өзімді Алатаудың шыңына шығып кетіп, сол жерден жыра-жырада адасып жүрген адамдармен «Мына жерде арық бар, ана жерде жар бар» деп дауласып отырғандай әсер аламын. Қазақ әлі қалың ұйқыда, басын төмен салып алып, жоғары қарауға қорқып, уағызға уланып, өз болашағына өзі балта шауып жатқан қауым. Осы постым ой салған ФБ достарыммен 3 айдан соң қайта қауышып, әңгімелесерміз. Сөге жамандамаңыздар!», - деп жазды Ахметбек Нұрсила.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 122
Ұнамайды 18
Күлкілі 7
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары