Болат Назарбаевпен қарым-қатынасым жоқ, жеке таныс емеспін.
Әлеуметтік желі қолданушыларына «Болат Назарбаевтың сыңары» атымен танылған ер адам Алматы көшелерінде ән айтып, нәпақасын тауып жүр, деп Skifnews.kz ақпарат порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Егде жастағы өнер иесінің сырт келбетін халық экс-президенттің інісіне қатты ұқсатады екен.
Алматыдағы Арбатты әнге бөлеп, көшедегі көпшіліктің көңілінен шыққан өнерпаздың аты-жөні – Қадыр Ілиясов. Алып шаһардың тұрғындарына бірнеше тілде ретро шығармаларды шырқап, ерекше эмоция сыйлайтын 78 жастағы ер адам Жезқазған өңірінің тумасы екен. Ол салған әндердің видесы әлеуметтік желіде миллиондаған қаралып жинаса, TikTok қолданушылары бұл кісіні келбетіне қарап «Болат Назарбаевтың сыңары» деп атайды екен.
«Түрімді Болат Назарбаевқа ұқсатады, көбісі солай айтады. Мейлі, айта берсін. Томпақтаумыз, бәріміз қазақпыз. Сосын Алматыда маған ұқсайтын тағы екі адам бар. Болат Назарбаевпен қарым-қатынасым жоқ, жеке таныс емеспін. Мен басшылармен араласпадым, шенеунік боп үкіметтің жұмысында істемедім. «Болат Назарбаевқа ұқсайсыз» деп кейде айтады, қалжыңдайды», – дейді Алматы тұрғыны Қадыр Ілиясов.
Көшеде ән салатын өнер иесі бірнеше аспапты меңгерген кәсіби музыкант екен. Ол кезінде консерваторияда біліп алған. Одан кейін мәдениет министрлігінде еңбек еткенін айтады. Тіпті Роза Рымбаевамен бірге жұмыс істесе, ал Бекболат Тілеуханға қиын кезде көмектесіп, қолдау көрсеткен екен.