Осылар әдейі істей ме, халыққа жау ма, не пәле? Әлде дәрілерді де әкім-қаралар жеп қойды ма?!
Қазақстанды шегіртке мен маса қаптады. Арыс ауданының диқандары шегірткеге таланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жәндіктерді дер кезінде улайтын дәрі табылмағаны ма? Бұл туралы қоғам белсендісі әрі журналист Сәуле Әбілдаханқызы дабыл қақты.
«Құдай-ау, не боп кетті өзі?
Әкімдер жейтін түк таппай, құрттың, шіркейдің, шегірткенің, масаның дәрісін жейтін болған ба?
Отырар, Шардара, Арыс аудандарының халқы жылда көктемде шіркеймен алысып жатады. Оларға биыл Кеген ауданы қосылды, егіс алқабын құрт басып қалды. Одан Арыс ауданының диқандары шегірткеге таланды, өздері ғана таланса бір жөн, еккен егіндерін түгел жайпап кетті.
Енді Атырау халқын миллиард маса талап жатыр. «Қайыршыға жел қарсы» болды ма, не болды? Неужели осының бәрінің личинкаларын улайтын дәрі жоқ? Дәрі бар, әрине. Оны дер кезінде ұйымдастыратын билік жоқ, өкімет жоқ, министр, әкім, шенеунік жоқ. Осылар әдейі істей ме, халыққа жау ма, не пәле? Әлде дәрілерді де әкім-қаралар жеп қойды ма?! Уланған ешқайсысы жоқ па, байқамадыңыздар ма? Анау ақилардың «шегіртке халал» деп сайраулары да тегін емес. әкім-қаралар тоймаса, шегіртке, шіркей, маса жейтін күнге де жетеді-ау...», - деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін «Шегіртке халал» деген шенеунік онымен күресу үшін Жетісуға аттанғанын жазғанбыз.