$ 474.72  515.17  5.58

«Қой бағасы - 75 мың»: Онлайн құрбан шалу ережелері қандай

Сайт арқылы құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады. 

Фото:  Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев
Фото: Azattyq Rýhy / Әбілқасым Есентаев

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы онлайн құрбан шалуға мүмкіндік беретін арнайы сайтты іске қосқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Онлайн түрде құрбан шаламын деушілер сайт арқылы құрбандық малын таңдап, Kaspi QR арқылы қажетті қаражатты аудара алады. Қой мен ешкіні жеке адам, ал ірі қара мен түйе малын бір немесе 7 адам бірігіп шалса болады. Тапсырысыңыз сәтті өтсе ұялы телефоныңызға смс хабарлама келеді. Құрбандық шалынған соң оның фото және бейне есебі тапсырыс беруші көрсеткен нөмірге жіберіледі", – делінген діни басқарманың хабарламасында. 

Сайтта белгіленген баға бойынша: 

Қойдың құны – 75 мың теңге;

Ірі қараның құны – 490 мың теңге (оны жеті адам бірігіп шалса, орта есеппен әрбіріне 70 мың теңгеден шығады).

Сайт арқылы құрбан шалуға емес, құрбан етін алуға да өтініш қалдыруға болады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары