$ 498.34  519.72  4.85

Ішімдік ішетін жерге айналдырған: Ақтөбеде ұлы тұлғалар жерленген қорым қоқысқа толы

Ғалымдар ерекше қорғауға алу керек деп дабыл қақты.

Ақтөбеде тарихи тұлғалар жерленген ескі қорымның іші күл-қоқысқа толған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ғалымдар қоғам қайраткерлері мен ақын-жыраулар жатқан жерді қоршап, ерекше қорғауға алу керек деп дабыл қақты.

Қаланың ортасындағы қорымда қоқыс тау болып үйілген. Тіпті кәуап пісіріп, ішімдік ішетін жерге айналдырған. Ескі моланың қараусыз жатқаны қала тұрғындарының наразылығын туғызды. Бұл жерде жырау Нұрпейіс Байғанин, дәрігер Халида Маманова, қазақтың тұңғыш заңгері Бақытжан Қаратаев жерленген. Соғыс жылдарында көз жұмған сарбаздардың да сүйегі көмілген. Ғалымдар қоқыс басқан қорымды мемлекет ерекше қорғауға алу керек деп отыр. Зерттеу жүргізіп, тағы қандай тарихи тұлғалардың жатқанын анықтау қажет дейді.

“Қоршауға алынып, таза ұстауға тиіс. Бақытжан Қаратаев, Нұрпейіс Байғанин – үлкен тұлғалар. Ол тұлғалардың мұнда жерленуі де бекерден бекер емес, себебі бұл тарихи қорым болған. Бұл кісілерге дейін де үлкен тұлғалар жерленген. Көбісі белгісіз жатыр. Бірақ біз оны белгісіз деп қарамауымыз керек. Оны мемлекет қарауына алып, заңмен реттеуі қажет”, – деді философия ғылымдарының кандидаты Үмбетхан Сәрсенбин.

Зираттың күтіміне жауапты компанияның өкілдері ескі молада сығандар көп жерленгенін айтады. Олар көз жұмған кісінің басына жиналып ас әзірлеп, дұға жасайды екен. Осылайша марқұм болған жанды еске алады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 2

Серіктес жаңалықтары