Адамзаттың кері кетіп бара жатқанының белгісі.
Әлеуметтік желіде мейрамханаға үш бірдей джип кіргізген Тараздық той иелерінің видеосы тарады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Stan.kz ақпарат агенттігінің жазуынша, бейнежазбадан тойға келген қонақтардың үстел басында отырғанын және сол сәтте залда үш бірдей джип көлігінің тұрғанын байқауға болады. Қонақтардың көбі үнді халқының ұлттық киімі сари киген екен. Олар тойхананың ортасында тұрған “Gelandewagen” маркалы көлігін видеоға түсіріп әлек.
“Таразда той осылай өтеді”, – дейді видео авторы.
Желі қолданушылары қуанышқа ортақтасып келген қонақтардың ортасына көліктермен кіріп келген той иелерінің әрекетін ерсі санап, сынап тастады.
“Дарақылық әлеуметтік және рухани жұтаңдықтың көрінісі”, “Бұл дарақылық емес, адамзаттың кері кетіп бара жатқанының белгісі”, “Меніңше, той өткізуге белгілі бір ережелер енгізу керек сияқты”, “Адамдар тамақтанып отырған жерге көлікпен кіріп келу абырой ма? Бұл қонақтарға деген құрметсіздік”, – деп жазды желідегілер.