$ 516.85  537.68  5.26

Енді елімізде баласы жоқтарға салық салынуы мүмкін

Қыздардың ана болудан саналы түрде бас тартып, өзі үшін өмір сүруді қалайтыны алаңдатады.

Фото: Nur.kz
Фото: Nur.kz

Қазақстанда бала жоқ адамдарға салық салу мәселесі қайта қарастырылып жатыр. Мұндай тәжірибе Кеңес Одағы кезінде енгізілген еді, ал қазір бұл тақырып қайта көтерілді. Сарапшылар болса, мұндай шараның орнына мемлекет бала тәрбиесіне арналған жағдайларды жақсартуға баса назар аударғаны жөн деп санайды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Мәжіліс депутаты Болат Керімбек қазақстандықтардың некеге тұру мен ата-ана болуды кейінге қалдырып жатқанына алаңдаушылық білдірді.

«Қазіргі таңда материалдық құндылықтар моральдық құндылықтардан басым түсіп барады, өйткені отбасының басты міндеті – ұрпақ әкелу және оны тәрбиелеу, рухани мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу. Үйленіп, балалы болу уақытында жүзеге асуы керек. Қазақстандық қыздардың ана болудан бас тартуы, тек өздері үшін өмір сүруді таңдауы бізді алаңдатуы керек», – деді депутат Болат Керімбек.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай салықтық шаралар жастардың елден кетуіне әкелуі мүмкін. Оның орнына, бала мен отбасының өмір сүру сапасын арттыруға көңіл бөлу қажет, дейді демографтар.

«Одан да балалардың жағдайы, мектепке дейінгі білім беру орындары, балабақшалар мен қосымша білім беру мекемелері, орта және жоғары білім беру жүйесі, жастарды жұмыс орындарымен қамту мәселелері қарастырылғаны жөн», – деп пікір білдірді «Цифрлық әлеуметтік зерттеулер» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Жанна Әубәкірова.

Айта кетейік, Кеңес одағында 1992 жылға дейін ерлер мен әйелдер балалы болмағаны үшін жалақысының бір бөлігін төлеуге міндетті болған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 14
Күлкілі 1
Ашулы 4

Серіктес жаңалықтары