XXVI спорттық бұқаралық жүгіру жарысының ұйымдастырушылары – Алматы қаласы әкімдігі, Денешынықтыру және спорт басқармасы, Халықтық – ұлттық спорт түрлері және бұқаралық сауықтыру – дене шынықтыру клубы, Медеу ауданы әкімінің аппараты және «Вечерний Алматы» газетінің редакциясы деп хабарлайды Skifnews.kz.
Шара 14 қыркүйек күні сағат 10.00-де басталады.
Жарыста баспалдаққа жүгірумен қатар, «Тымақ ұру», «Қол күресі», «Гір спорты», «Сағат», «Дартс», «Шеңберді айналдыру», «Секіргіш», «Батыр», «Робин Гуд», «Асық мерген», «Күлкі боксы», «Ләңгі» және т.б. халықтық-ұлттық және бұқаралық спорт түрлерінен де сайыстар ұйымдастырылады.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бағалы сыйлықтар және мақтау қағаздарымен марапатталады.