$ 494.87  520.65  4.91

Министрліктер оқушыларға демеушілік көрсетті

Астанада «Мектепке жол» жыл сайынғы республикалық акциясы аясында тұрмысы төмен және көп балалы отбасылардан шыққан 4 004 балаға көмек көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі сайтының жазуынша, демеушілердің 44 млн. 445 мың теңге қаржысына 2 949 бала мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. 

Демеушілік танытқандар арасында Әділет министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Дін істері агенттігі, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, «Нұр Отан» партиясы, «ҚазАэроСервис» АҚ, Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы, ғылыми-зерттеу орталығы, қалалық мешіттер, «Тұран – Астана» университеті, «KZ» ҚҚ, «Дар» ҚҚ бар. Аз қамсыздандырылған отбасылардан шыққан балалар рюкзактармен, кеңсе заттарымен, спорттық киім-кешекпен, жейделермен және т.б. қамтамасыз етілді.  

Сондай-ақ, «Мектепке жол» республикалық акциясы әлі де жалғасуда. Бұл мақсатта Елордада «Хан Шатыр» СОО, «Сарыарқа» СОО, «Евразия» СҮ, «Жаннұр» СҮ, «Шапағат» базарында және Орталық базарда киім-кешектер қабылдайтын контейнерлер қойылған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары