«Қол жетімді тұрғын үй 2020» бағдарламасын жүзеге асыру аясында облыстың барлық аудандарында 44 жалға беретін тұрғын үй, Ақтөбе қаласында жас отбасылар үшін 2 жалға беру тұрғын үйі және 7 несиелік тұрғын үй құрылысы жоспарланған, деп хабарлайды Skifnews.kz.
Бұл туралы облыс басшысы Архимед Мұхамбетов Астанада өткен брифингте мәлім етті.
8 айдың қорытындысы бойынша жалпы алаңы 16,9 мың шаршы метр тұратын 8 жалға беру тұрғын үйі пайдалануға берілді. Бұл жылдық жоспардың 84 пайызын құрайды. Сондай-ақ, тұрғынүй құрылысы жинақтау жүйесі бойынша несиелік тұрғын үй бойынша жалпы алаңы 19,6 мың шаршы метр бір тұрғын үйі іске қосылды немесе бұл жылдық жоспардың 67,5 пайызы.
Осы мақсаттарға 5329,3 млн. теңге мөлшерінде республикалық бюджеттің қаржысы бөлінді, 8 айдың қорытындысы бойынша 2715,0 млн. теңге игерілген.