$ 447.4  477.55  4.76

Елордалықтардың табысы былтырғыдан 17,4 пайызға өскен

Астана қаласы Статистика департаментінің хабарлауынша, 2014 жылғы шілдеде елордалықтардың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары 122286 теңгені құрады, деп хабарлайды Skifnews.kz.

Қала әкімдігі ресми сайтының жазуынша, бұл көрсеткіш 2013 жылғы шілдеге қарағанда 17,4 пайызға жоғары, аталған кезеңде нақты ақшалай табыстар 8,9 пайыз көтерілді.

Бұл ретте халықтың атаулы табыстар индексі 2014 жылғы шілде айында 117,4 пайызды, ал нақты ақшалай табыстар индексі 108,9 пайызды құрады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары