$ 446.49  475.38  4.79

Шымкент түрмесіндегі сотталушылар біркүндік жалақыларын тасқын судан зардап шеккендерге аударды

Шымкенттегі түрмелердің бірінде жазасын өтеп жатқан сотталушылар өздерінің біркүндік жалақыларын Ақтөбе облысындағы тасқын судан зардап шеккен халыққа жолдады. Мұндай бастаманы жазасын өтеушілердің өздері басшыларына ұсынған деп хабарлады ҚР ІІМ Қылмыстық атқару комитетінің баспасөз қызметі.

Бұл сотталушылар 167/11 түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Тасқыннан зардап шеккендерге қол ұшын созуға оларды ешкім мәжбүрлемеген. Керісінше, идеяны басшыларына өздері ұсыныпты. Кейін 51 сотталушы бұл бастаманы қолдап, ақшаларын арнайы шотқа аударған.

"51 сотталушы өздерінің біркүндік жалақысын зардап шеккендерге аударды. Жазасын өтеушілердің түрме басшылығына өз бастамаларымен шығып, қайырымдылық жасауы қылмыстық атқару жүйесінде өте сирек орын алатын жағдай", - делінген ведомство өкілдері таратқан хабарламада.

Айта кетейік, кешегі сәуір айында еліміздің 6 бірдей облысын тасқын су шайып кеткен еді. Адам шығындары да бар. Бүгінде мамандар су алу қаупі әлі сақталып отырғанын айтады. СҚО, ОҚО, Ақмола мен Қызылорда облыстарында өзендер мен көлдер тағы да арнасынан асуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары