$ 446.49  475.38  4.79

Алматы облысында қамқоршылар жетім балалардың дүние-мүліктерін сатып келген

Алматы облысында жетім балаларға тиесілі жылжымайтын мүлікті қамқоршылары сатқан және жалға берген. Енді олар сот алдында жауап беретін болады деп мәлімдеді облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Прокурорлар дәл осындай 5 оқиғаны анықтаған. Енді қазір құзырлы орган өкілдері мүліктерді сату туралы келісімшарттардың күшін жоюды сот арқылы заңдастырмақшы. Сондай-ақ, осы ұжаттарды әзірлеген нотариустар мен балалар үйіндеші қамқоршыларды жауапкершілікке тартуды көздерп отыр.

Мәселен, Текелі прокурорлары жетім балалардың мүлкін жалға берудің екі дерегін анықтаған. Олардан қамқоршылар 350 мың теңге пайда тауыпты. Енді осы қаражатты балалардың өздеріне қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, заңсыздыққа барған жұмысшылар заң алдында жауап береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары