$ 448.15  483.46  4.86

Әсет Исекешев: «Астанада жекеменшік бақшалардың саны мемлекеттіктік бақшаларға қарағанда тез өсуде»

Астанада биыл 7200 орынға арналған бақшалардың құрылысы аяқталады, деп xабарлады елордалық әкімдіктің медиа орталығы.

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев Мемлекет басшысының қатысуымен жиынның қорытындысы бойынша отырыс өткізді.

Астанада жекеменшік бақшалардың саны мемлекеттік бақшаларға қарағанда тез өсуде. Қазіргі уақытта жекеменшік бақшалардың саны -116, мемлекеттік-96.

Биыл 7200 орынға арналған бірнеше бақшаның құрылысы аяқталады. Мемлекеттік жеке кәсіпорын бойынша 6 бақшаның құрылысы басталды: 2 бақша жергілікті компаниямен, 4 бақша польшалық компаниямен салынуда,-деді Астана әкімі Әсет Исекешев. Ол сондай-ақ өткен жылы Астанада оқушылардың саны 130 мыңға дейін жеткенін айтты (2015-2016 жылдары-117 мың бала), ал биыл бұл көрсеткіш 143 мыңға дейін жетеді деп күтілуде (2017 жылы-70 мың).

«Көші-қонның артуына байланысты 27 мектепте оқушыларға орынның жетіспеушілігі сезілуде. Бұл мәселені шешу үшін біз 2600 орындық 5 жапсарлас салынған мектептің құрылысын аяқтаймыз, 11 мың орынға шақталған 10 жаңа мектептің құрылысын бастадық. Жаңа оқу жылында CISCO компаниясымен бірлесе отырып 10 мектепте және 4 колледжде желілік академияны іске қосамыз. Бұл xалықаралық сертификаттарды иеленумен 300 ІТ маманын дайындауға септігін тигізеді»,- деп атап өтті Астаны әкімі.

Жаңа оқу жылына 46 елордалық мектеп робототеxникалық кабинеттермен қамтылған. "Астаналықтардың өмір сапасы мен ғұмыр жасы артуда (75,4 жас, бұл ел бойынша орташа көрсеткіштен 3,5 жасқа артық) өлім көрсеткішінің азаюы арқасында артып отыр (ана мен бала өлімі, әлеуметтік маңызы бар аурулардың салдарынан қайғылы жағдайлар)",-деді Ә. Исекешев.

Елордада екі өңірлік инсульт орталығы іске қосылған. Жүрек талмасынан өлім көрсеткіші 30,7%-ға азайды, инсульт-49,1%-ға төмендеді (2016 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда).

Қалалық медициналық мекемелерде 5 мыңнан астам жоғары теxнологиялық ота жасалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары