Біз, қазақ, өз денсаулығымызға өзге халықтарға қарағанда селқос қарайтынымыз жасырын емес. Тіпті, ауылдардардағы апаларымызға «сырқатыңыз анық білінді, емделіп қайтыңыз» десең, «Мен кетсем, балалардың күні не болады? Күйеуім де бір бала емес пе?!», - деп сізді шығарып салады. Ел арасында қалжыңға ұқсас мақал да бар: «Еврей ауырудан бір ай бұрын, орыс ауырған күні, қазақ өлер алдында ғана емделуге барады» деген. Бұл біздің жаман қасиетіміз ретінде айтылып та, жазылып та жүр. Дегенмен, оның түбіне үңілсеңіз, осы қасиетіміз біздің ұлт ретінде сақталып қалуымызға септігін тигізген қанымызға сіңірілген қасиет екенін аңғарамыз.
Эгоизм. Мұның түбінде еврейдің эгоизмі мен қазақтың альтруизмі жатыр (Эгоизм (лат. ego – мен) – адамның қоғамға және басқа адамдарға өз мүддесін жоғарғы қою тұрғысынан қарауымен сипатталатын өмірлік принцип. Альтруизм (лат. alter – өзге) – эгоизмге қарама-қарсы, басқалардың мүддесі жолында өз мүддесінен бас тартуға дайын моральдық принцип, басқаларға риясыз қызмет етуге тырысу). Жөйт халқының эгоистік ұстанымдары туралы, бар жақсылықты осы өмірде көріп қалуға деген құлшынысы туралы аңыздар ғана емес, арнайы еңбектер де бар. Тіпті, осы үшін бұл халыққа өзінің жауы ретінде қарап, соғыс жариялаған, геноцид жасаған тұлғалар мен мемлекеттер де болды. Осының кесірінен олардың Германиядағылары өзге Еуропа елдеріне, ал Еуропадан Америкаға, КСРО-ға аууға мәжбүр болды. КСРО-дағы Сталиндік саясат олардың басынан сипай қойған жоқ, сондықтан олар жаппай әр түрлі жан-жануардың, өсімдіктің атауларын өзіне тек қылып алды. Не болмаса, өзге адамдардың тегін иеленуге тырысты. Оған айқын мысал, Қазақстанда жетіліп, қазақтың бас жауына айналған В.В.Жириновскийді айтса болады. Оның әкесі Вольф Эндельштейн Польшадан қазақ еліне келіп, Жириновская атты әйелге үйленеді. Баласы Владимир туған соң, алдымен әкесінің тегінде болғанмен, есейе келе шешесінің фамилиясын алған. Ал шешесі бұл фамилияны бұрынғы күйеуінен алған болатын. В.Жириновский көптеген халықтарға деген өшпенділігін Ресейдегі шовинизм отына май құю жолымен мемлекеттің биік мінберінен мәлімдеп жүргенде, қаншама ұлттардың қарғысына қалып жүр. Ал сол Жириновский деген түпнұсқа тектің қан жағынан қазіргі Эндельштейн Владимир Вольфовичке түк қатысы жоқ екенін аңғармайды.
Альтруизм. Ал қазақ үшін әуел бастан ұлт ретінде сақталып қалу мәселесі ылғи да басты орында тұрғандықтан, аталарымыз генімізге дейін сіңірген қасиет – ол альтруизм, яғни ұрпақ үшін өзін құрбандыққа шалу. «Еркек тоқты құрбандық»-тың мақал емес, мәтел екенін еске сақтау ләзім. 1905 жылы француз тілінде қазақтар туралы кітап жарыққа шыққан екен. Осы кітапты оқыған еуропалықтардың ең таңқалғаны, қазақтардың ажалды жақсы қарсы алуы еді. Өлімді өмірдің соңы деп есептеу эгоизмнін асқынуына алып келеді. Мысалға, ІІ Дүниежүзілік соғыста жеңіліп бара жатқан немістер тезірек жөйттерден құтылу жолын ұстанды да, Польшада, оның ішінде Биркенаудағы (немесе Аушвиц 2) газбен улап өртейтін төрт криматорий салды. Оларда шамамен 1 млн 100 мың еврей өлтірілді, осы істі бақылайтын барлығы 6 мыңға жетпейтін офицерлер мен солдаттар болды, Рейхтың маңындағыларды алып тастағанда нақ криматорийде жүретіндердің саны тіптен аз. Оларды «Үйлеріңе барасыңдар, әуелі жуынып алыңдар»,-деп алдап шешіндіріп, газ камерасына кіргізген кім, өздерінің туысқандары, өлген еврейлердің алтын, күміс тістерін жұлып, заттарын сұрыптаған да, кейін отқа салып өртеген де, күлін сыртқа шығарып көмген де сол өз халқы. Тұтқындар бір-біріне жат емес еді, бір халықтың өкілі екендіктерін есептемегенде, олар жеке-даралап емес, бәрі де әулет-әулетімен бірге қамалғандар еді. Біруақыттарда күніне 20 мың адам өлтірілген, нақты газ камерасынан кейін өртелетіндер күніне 8 мың адам болған.Ұлт үшін соғысып көрмеген, жерін қорғамаған халықта альтруизм қайдан болсын?!! Алла сақтасын, қазақты дәл сондай жағдайға түсірсе, өстерме еді? Біреуі аттандап ұран тастаса, тас-талқанын шығармас па еді! Елу мың қолға алты жүз сарбазбен қарсы тұрған (Орбұлақ шайқасы) халық үшін алты мың адам деген сөз бе?!
Біз билік әлі мойындауға батылы жетпесе де, еврейден кем геноцидті бастан кешкен жоқпыз, бірақ та қырылып қалу себебіміз – бізді ылғи алдап соғып отырды. Ашық соғыспен ала алмайтынын білген отарлаушы халық алдымызға көрінбейтін жау салып беріп отырды. 1928 жылғы кәмпеске, 1927-1932 жылғы аштық, 1937 жылғы репрессия. Осылардың ешқайсысында да қоян-қолтық соғысатын жау жоқ. 1928, 1937 жылдары «жауды» тек өз ішімізден тауып берсе, 1927-1932 ж.ж. аштықта кімнің жау екенін білмеді. Дәл осы жағдай қазір де орын алып тұр. Қазақтың бәрі «жеме-жемге келгенде атқа қонатынын» біледі, бірақ сол «жеме-жемнің» қашан екенін білмейді. Сол жеме-жемің әлдеқашан туған. Ол – ақпараттқ соғыс пен биолгиялық соғыс. Қазаққа анық жау көрсетпей қыру керек екенін Патшалық Ресей ақырғы рет 1916 жылы түйді.
Ауылдағы апа-ағаларымыздың әлгі айтқан қылығы альтруистік көзқарастың әлі күнге дейін сақталып келе жатқанының көрінісі. Ал өз өмірін барлық құндылықтан жоғары қоятын, «өз жаным өзіме жақын» деп есептейтін, «малым-жанымның, жаным-арымның садағасы» деп айту түсіне де кірмейтін, жанын күткен жанауырудан бір ай бұрын «емделуге» келмегенде не істейді?
90 жылдардың шенінде қазақтардың өзге тағдырлас ұлттар сияқты көтеріліске шығып кетпей, сабыр сақтауының бір ұштығы да альтруизмде жатыр. КСРО кезеңінде ірі қалаларда қазақтардың үлес салмағы 26 пайыздан аспау керектігі туралы құпия қаулының болғандығын қазіргі зерттеушілер растап жүр. Ал жөппелдемеде жекешелендіру келіп қалғанда ұлтымыз урбанизацияға үлгірмей қалды да, ауылдар жаппай таратылды. Қаладағылар ауылдағыларға қарағанда шүкірлеу өмір сүрді. Осы кезеңде оқуын енді ғана тамамдап отау құрған ауылдан шыққан жас мамандар қалада жатақханадан бір бөлмеге қол жеткізіп, туған-туысының аяқтан тұрып кетуіне көмектесті. Былайша айтқанда, ет жақындарын демеп жіберу үшін өздерінің жұбайлық ләззатын шектеді. Мұны – альтруизм емес деп қалай айта аласыз? Бір бөлмеге бәрі сиған дәл осындай қасиетті өзге кез келген халықтан не дүбара болып қалған қалалық қазақтардан таба аласыз ба?
Бұл қасиет қазақ үшін қажет қой, бірақ денсаулық селқостықты көтермейді. «Бірінші байлық – денсауық» деген де, «малым-жанымның, жаным-арымның садағасы» деген де аталарымыз емес пе?
Алмас ЖҰМАҒАЛИ,
Заң ғылымдарының кандидаты