$ 498.34  519.72  4.85

«Нұротандықтар» Алматыда 1001 түп ағаш отырғызды

Мемлекет басшысы – «Нұр Отан» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің қыркүйек айындағы «оңтүстік астанаға» жасаған іс-сапарында Алматы қаласының бастапқы келбетін қалпына келтіру қажеттігін және көгалдандыру жұмыстарын барынша жақсартуды тапсырған болатын.

Бүгінде Елбасының осынау тапсырмасын орындау аясында, қаланың тиісті атқару­шы органдарымен бірлесе отырып, Алматыны көгалдандыру іс-шаралары тұрақты жүргізілуде. Мәселен, 2017 жылы – 1 300 қылқан жапырақты және 9 900 жапырақты 11 200 көшет отырғызылды. Сонымен қатар, осы қараша айының соңына дейін 16 000 қылқан жапырақты және басқа да көшет түрлерін отырғызу жоспарланып отыр. Бұлардан бөлек, 1270 алаңға әртүрлі тұқымды гүлдер, 4212 жасыл желектер отырғызылды. Жалпы көлемі 11 000 шаршы метрге гүлзар орнатылды.

Көгалдандыру жұмыстары қызу жүріп жатқанымен Алматыда былтыр шамамен 10 мың түп ағаш кесіліпті. Олардың басым көпшілігі қураған, қартайған ағаштар. Сондай-ақ, құрылысқа кедергі келтірген талдар да түбімен жойылған. Бұл өте көп көрсеткіш дейді экологтар. Сондықтан, жергілікті билік өкілдері бұл мәселені қазір қатаң бақылауына алды. Көгалдандырылған аймақтарды және жасыл екпе ағаштарды баптап күту қажеттігі күн тәртібіне қойылды.

Елбасының «Алматыны көгалдандыру керек» деген тапсырмасы тек қала әкімдігіне қарата айтылмағаны белгілі. Әрбір Алматы тұрғыны жоқ дегенде бір тал егуі тиіс. Бұл игі істен ешқандай мекеме, қоғамдық ұйымдар да тыс қалмауы керек. Ал, «Нұр Отан» партиясы болса осы қасиетті міндетін орындаған алғашқы ұйымдардың бірі атанып отыр.

Атап айтқанда, «Алматы-2020» бағдарламасы аясын­да және қаланың 1001 жылдығына орай партияның Алматы қалалық филиалы, бастауыш партия ұйымдары және қала тұрғындарының қолдауымен «Ару Алматыға – 1001 түп жасыл же­лек» атты акциясы өтті. Бұл күні қала аумағында 1001 жасыл көшет отырғы­зылып, аулалар мен көшелерді тазалау жұмыстары жүргізілді. Бұл акция бас­тауыш партия ұйымдарының қатысуы­мен барлық аудандарда нұротандық­тардың бір-біріне ағаш сыйлау эстафетасын жолдау аясында өтті.

Акция аясында Алатау ауданында 7 қазан күні сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға партияның қалалық және аудандық филиалдарының Саяси кеңес мүшелері, қызметкерлері, Алматы қала­сының мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері, «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері, БПҰ, БАҚ өкілдері қатысты. Акцияның ашы­луында  «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбе­кова, Алатау ауданының әкімі, партия­ның аудандық филиалының төрағасы Шах­мер­­ден Рыспаев, қалалық мәслихат депу­таты Фарида Мерхамиткызы сөз сөйлеп, ағаш отырғызды. Олардың бас­тамасын басқа да келушілер жалғас­тырды.

Сенбілік «Алғабас-6» ықшамауда­нында «Нұр Отан» партиясы Алатау аудандық филиалының алдында бастау алды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары