$ 498.34  519.72  4.85

Алматының Наурызбай ауданында «Қарттарға құрмет» айлығы өтті

Алматыдағы Наурызбай аданының әкімдігі бір айға созылған «Қарттарға құрмет» айлығын қорытындылады. Айлық шеңберінде аудан көлеміндегі барлық еңбек еткен, қазіргі таңда еңбек демалысына шыққан аға буын өкілдеріне, мүмкіндігі шектеулі жандарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларға көптеген сый-сыяпаттар жасалынды.

«Қарттарға құрмет» айлығы Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында іске асқан болатын. Осы бір айға созылған түрлі әлеуметтік шаралардың қорытындысы ретінде бүгін «Қарағайлы» шағынауданында «Қарттарым – асыл қазынам» атты салтанатты іс-шара өтті. Оған аудан әкімі С.Сайфеденов қатысып, қарияларға бас иіп құрмет көрсетті.

«Біз қарттарымыз бен зейнеткерлеріміздің қажеттілігін және аз-қамтылған ауданымыздың тұрғындарының жағдайларын әрдайым ескеріп жүреміз. Қарттар айлығы аясында ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтау, құрметтеу, сол кісілерге деген қамқорлық көрсету біздің міндетіміз, азаматтық парызымыз» - деген аудан әкімі жиналған жұртшылыққа береке-бірлік, тату тірлік, дендеріне саулық пен балаларының бақытына бөленіп, қуаныштарының көп болуларына тілектестігін білдірді.

Сонымен қатар, қарттарымызға деген лебіздерін қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е.Шайхуттдинов және Наурызбай ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Кәркенов аудан әкіміне, аудан әкімі аппаратының барша қызметкерлеріне өз алғыстарын жеткізіп, ақ баталарын берді.

Наурызбай ауданында 6 мыңға жуық зейнеткер тұрады, оның ішінде 8 – ҰОС, 353 – тыл ардагерлері, 142 – Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар. Зейнеткерлердің тоқсаны 90 жастан, үшеуі 100 жастан асқан қариялар.

«Ардагерлер мен зейнеткерлерге қолдау көрсету әрбір азаматтың міндеті, оларды қамқорлыққа алып, адамияттық қасиетпен қарттарымызға көмек қолын созу, жүрек қалауларын орындау осы айлық құрметпен тоқталып қалмасы анық. Мүмкіндігінше мұқтаж тұрғындарға барлық тұрғыдан қолдау көрсету үнемі бақылауға алынып, ақсақалды қарияларымыздың көңілін тауып, алдарында жасар ізгілікті де ізетті істер ізі жалғаса бермек», - дейді Наурызбай аудакны әкімдігінің өкілдері..

Айта кетейік, Халықаралық Қарттар күніне орай тек Алматыда емес, еліміздің барлық өңірінде қариялар ардақталды. Зейнеткерлерге түрлі жеңілдіктер жасалып, демалыстар ұйымдастырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары