$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда құрылған жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері қызу жұмыс атқаруда

Алып шаһар Алматыда көпқабатты үйлер секілді жекеменшік жер үйлердің де саны өте көп. Көпқабатты үйлердің коммуналды қызметін ПИК-тер атқарса, жекеменшік үйлерде мұндай қызметті жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері жүзеге асырып келеді. Мегаполисте аталған комитеттердің жұмыс барысымен танысу мақсатында Наурызбай аудандық әкімдігіне сұрау салған болатынбыз.

Әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, аудандағы жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің жұмысы өте белсенді. Оның мүшелері әкімдік аппаратымен, «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалымен және полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып, ауданға қарасты көшелерді күнделікті шолып, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді де ұмытпайды екен.

Атап айтатын болсақ, жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қызметкерлеріне арнайы бөлініп берілген шағынаудандарда күніне кем дегенде 2 рет көшелерде бақылау жүргізіп, бағдаршам, жарық бағаналарында күту бекетінде, үйлердің қақпаларында заңсыз ілініп тұрған жарнамаларды жойып отырады.

Көшелерде иесіз бос жүрген иттерді аулау бойынша «Ақжар» шағын ауданы бойынша 15 – ит, «Қарағайлы» шағынауданы бойынша – 9 ит, «Таужолы» шағынауданы бойынша – 12 ит, «Қалкаман» шағын ауданы бойынша – 22 ит, «Қарғалы» шағын ауданы бойынша 11 ит ауланып, тиісті орындарға тапсырылған.

Сонымен қатар, Наурызбай ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен жергілікті өзін-өзі басқару комитетінің қызметкерлерімен су құбыры мен әр үйге таза ауыз суын қамтамасыз ету бойынша жұмыстар атқарылыпты. Жұмыс барысы «Қалқаман» шағынауданының көшелерінің (Қыдырбеков, Елібаев, Айбергенов, Молдабеков, Бегалиев, Тайжан, Тогысов, Усенов, Кенбаев, Каракулов, Ақтамберди жырау, Қазыбеков, Кыдырбеков, Айбергенова, Спатай батыр, Сұраншы батыр, Бекежанов, Саурық батыр, Байзақ батыр, Арман, Нұрмұхамедов, Тайторы батыр, Қосынов, Лапин, Кабылбаев, Сейтметов, Тыныбаев, Әйтей батыр, Смайлов) тұрғылықты тұрғындарына үйлеріндегі кәріз су құбырларын заңдастыру туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 2000 үйге хабарландыру қағазы толықтай таратылып берілген.

Жергілікті өзін-өзі басқару комитетіне әкім аппаратының жоспар-тапсырмасына орай, «Қарттар айлығы» акциясына байланысты «Қарағайлы» шағын ауданы, «Қалқаман» шағынаудандарының 10 мейрамханасымен келісіліп, күндері белгіленген.

Қоршаған ортаны қорғау полициясымен бірлесіп, әрбір шағынаудандарда қоқыс үйінділерінің көп жиналатын жерлерінде кезекшілікпен бақылауға алып, жүйелі түрде күнделікті жұмыстар атқарылу үстінде.

Жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен әрбір шағынаудандардың төрағаларымен атқарылған жұмыстар және жұмыс жоспары жиі талқыланып отырады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары