$ 444.22  476.38  4.82

Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізуге қатысты дөңгелек үстел өтті

Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының әрбір қадамы бүгінде жүйелі түрде жүезеге аса бастады. Солардың бірі – атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі аталған реформа аясында жаңа форматты әзірлеп, оны халық арасында түсіндіруде. Өйткені, бұл салада қазақстандықтарды үлкен өзгерістер күтіп тұр.

Осындай жиындардың бірі Алматы қаласындағы Алмалы ауданында жалғасты. Алматы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы Алмалы ауданы бөлімінің Гүлмира Ералиеваның төрағалығымен «Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа форматын енгізу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Жиынға аталған бөлімнің мамандары, «Эксперт Казахстана» журналының әдеби-редакторы – Алмалы ауданының көп балалы аналар одағының көмекшісі И.А.Насонова, «Ел бірлігі» одағының» президенті Ш.Б.Ризабекова, «Өрлеу» жобасының ассистенті және консультанты А.Т.Құтпанова мен С.Е.Қабдыкешева, осы қызметті алушылар Н.М.Байсадықова, Б.Ш. Меркиясов, С.К.Кенжалиевалар қатысты.

Жиналғандардың алдында дөңгелек үстел тақырыбы бойынша бас маман Мереке Ахметова баяндама жасады. Ол жиынға қатысушыларға аталған реформаның мән-жайын түсіндіріп берді.

«Жаңаформаттағы атаулы әлеуметтік көмектің қәзіргі әлеуметтік төлемдерден басты  айырмашылығы – ол тұрмысы төмен азаматтарға немесе отбасыларға көрсетілетін қолдаудың үш түрін бір пакетпен ұсыну болып табылады.

Бұл дегеніміз, бүгінгі таңдағыдай тек атаулы әлеуметтік көмек төлеп қана қоймай, мемлекет тарапынан жұмысқа тұруға жәрдемдесуді білдіреді, яғни жұмыссыз жүрген отбасы мүшелері мемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады, сондай-ақ жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит беріледі»,  - деді бас маман.

Оның айтуынша, егер отбасындағы адамдар қиын өмірлік жағдайға тап болса, үкіметтік емес ұйымдар, әлеуметтік қызметкерлер және мемлекеттік медициналық-әлеуметтік ұйымдар тарапынан мемлекет кепілдік берген арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі.

Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аз қамтылған отбасыларды немесе азаматтарды кедейліктен шығаруға бағытталған кешенді қолдау тәсілдерінен тұрады.

Дөңгелек үстел барысында мына мәселелер айтылды:

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек кімдерге тағайындалады?

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 %-ынан төмен отбасыларға немесе азаматтарға шартсыз немесе шартты ақшалай көмек түрінде тағайындалады.

Шартсыз атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке жарамсыз мүшелері бар отбасыларға немесе еңбекке жарамды мүшелері жұмыспен қамту шараларына белгілі бір себептермен қатыса алмайтын аз қамтылған отбасыларға беріледі.

Мұндай аз қамтылған отбасыларғаатаулы әлеуметтік көмек қандай да бір шартсыз тоқсан сайын тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты атаулы әлеуметтік көмек құрамында еңбекке қабілетті мүшелері бар аз қамтылған отбасыларға немесе еңбекке жарамды аз қамтылған азаматтарға ұсынылады, бұл орайда қойылатын шарт – жұмыспенқамтудың белсенді шараларына олардың міндетті түрде қатысуы.

Осы мақсатта, әлеуметтік қызметтер мен қызмет алушылар арасында әлеуметтік келісімшарт жасалады. Әлеуметтік келісімшарт 6 айға қол қойылады және оны тағы6 айға дейін создыру мүмкіндігі беріледі.

Әлеуметтік келісімшартқа қол қоя отырып, тараптар өзара міндеттер алады: әлеуметтік қызметтер – жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге күш салуға және төлемдерді төлеуге, ал отбасының еңбекке қабілетті мүшелері – отбасын аз қамтылған топ құрамынан шығаруға бағытталған әлеуметтік бейімдеу мен жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларына адал қатысуға міндеттенеді.

Аз қамтылған отбасының еңбекке қабілетті мүшелері Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберіндемемлекет есебінен оқуға жіберіледі, жастар тәжірибесіне, әлеуметтік жұмыс орындарына және қоғамдық жұмыстарға орналастырылады, сондай-ақ жеке ісін ашуға немесе бизнесін кеңейтуге микрокредит беріледі.

Аз қамтылған отбасының 18 жасқа толған еңбекке қабілетті мүшелері өздеріне әлеуметтік келісімшартта жүктелген міндеттерді орындамаған жағдайда жәрдемақы мөлшерін қысқарту тетігі қарастырылған: бірінші рет – отбасыныңеңбекке қабілетті мүшелерінің атаулы әлеуметтік көмегі 50%-ға, ал қайталанған жағдайда 100 %-ға қысқартылады. Бұл ретте атаулы әлеуметтік көмек кәмелет жасқа толмаған балаларға және бала күтімімен отырған аналарға толық мөлшерде сақталады.

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қандай болады?

Біріншіден, келесі жылдан бастап ең төменгі күнкөріс деңгейін есептеу әдісі өзгеруіне орай оның мөлшері өсетін болады. Егер ағымдағы жылы ең төменгі күнкөріс деңгейі 24 459 теңгені құраса, келесі жылы оның көлемі 28 284 теңгеге дейін өсетін болады.

Екіншіден, атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін қолданылатын кедейлік шегінің мөлшеріқазіргі 40 %-дан 50 %-ға дейін ұлғайтылады. Демек, егер ағымдағы жылы кедейлік шегінің мөлшері 9 784 теңге болса, келесі жылы 14 142 теңгені құрайтын болады.

Мысалы, тұрмысы төмен отбасы 5 адамнан тұрады делік, оның 1 мүшесі жұмыс істейді және 24 459 теңге табыс табады; 1 мүшесі 3 жасқа дейінгі балаға күтімімен отыр және жұмыс істемейді; сондай-ақ үш кәмелетке толмаған баласы бар. Бүгінгі таңда отбасыға төленетін атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 17313 теңгені, мемлекеттік балалар жәрдемақысы 7 148 теңгені құрайды.Келесі жылы отбасының табыс деңгейі осы қалыпта сақталған жағдайда, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері 30 000 теңгені құрайды немесе 2017 жылмен салыстырғанда 20 %-ға өседі.

Азаматтар әлеуметтік көмектің басқа түрлерін алуға құқылы бола ма?

Жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмеказ қамтамасыз етілген отбасыларғақазіргі уақытта беріліп отырған келесі үш әлеуметтік төлемді біріктіретін Бірыңғай жәрдемақы болып табылады:

а) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 40 %-ынан төмен болған жағдайда жанұяның әр мүшесіне берілетін атаулы әлеуметтік көмек;

б) отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 %-ынан төмен болған жағдайда 18 жасқа дейінгі балаларға тағайындалатын балалар жәрдемақысы, оның мөлшері осы жылы 1,05 АЕК немесе 2 383 теңгені құрайды;

в) кәмелеттік жасқа толмағантөрт және одан да көп баласы бар отбасыларға табысына қарамастан берілетін арнайы мемлекеттік жәрдемақы.

Осылайша, жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек аталған үш төлемнің орнына төленетін болады және оның мөлшері осы үш төлемнің жиынтық сомасынан артық болады.

Баяндама соңында Ахметова Мереке жиналғандардың сұрақтарына жауаптар берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары