$ 498.34  519.72  4.85

Құнзақұт халқы ұзақ жасайтындар сапында

Жер бетінде ерекше тайпа өкілдері өмір сүреді. Олар ешқашан ауырмайды екен. Қазіргі таңда олар Пәкістан мен Үндістан аралығындағы Құнза өзені жағалауын мекендейді. Өздерін құнзақұт деп атайды.

Алғаш рет бұл өзгеше тайпа туралы Роберт Маккаррисон есімді ағылшын әскери дәрігері айтыпты. Өткен ғасырдың бас кезінде табылған тайпа өкілдері осы күні де еш ауырмайды. Маккарисон сол тайпаның адамдарының ештеңемен ауырмағанын айтып, таң қалған. Тіпті эпидемия кезінде де олар аман қалған. 

1963 жылы құнзақұттарды француздық медициналық экспедиция арнайы түрде іздеп келіп, зерттеу жасаған. Санақ жүргізгенде олардың саны небәрі жиырма мыңға жеткен. Осы санақ тайпа өкілдерінің орташа өмір сүру жасы 120 жас екенін көрсеткен. 

1977 жылы Франс Пресс ақпараттық агенттігінің таратқан хабарында Халықаралық обыр конгресінде мынадай жаңалық айтылған: «Геоканцерология (әлемнің әр түкпірінде обырды зерттейтін ғылым саласы) мағлұматтары бойынша, обыр ауруы жер бетінде тек құнзақұттарда ғана анықталмаған. Бас аймақтардың барлығында обыр өршіп келеді». Обырдан қайтыс болу бүгінде бірінші орынға шықты. 

1984 жылы Гонконгта шығатын «Aishauik» газеті ерекше бір жағдай туралы мақала басты. Мақалада былай делінген: «Саид Абдул Мабуд ағылшын астанасындағы Хитроу әуежайындағы бақылаушыларды таң қалдырды. Олар оның құжатындағы 1823 жылы туған деген мәліметке сене алмай дал болды. Құжат бойынша ақсақал 160 жаста болып шыққан. Ақсақалды ертіп жүрген Әмір Сұлтан Мәлік молда оны Құнза аймағының әулиесі деп таныстырған. Бұл жердің ұзақ жасаушылары әлемге аян дегенді айтқан. Жасына қарамастан Мабуд ақсақалдың денсаулығы мықты, күш-қуаты қалыпты. 1850 жылдан бастап барлық оқиға есімде деген». Құнзақұттар 160 жасқа дейін өмір сүре алады, ал 120 жас – олардың орташа жас ұзақтығы ғана. 

Бұл сыйқырдың құпиясы неде? 

Бір адам ғана емес, бүкіл тайпаның осындай кереметі қай жанды болса да қызықтыра түсері анық. Жиырма мың халқы бар тайпаның құпиясы неде? Олардың дені сау, ғұмыр жастары ерекше ұзақ. Мұның сыры не? Олардың суы, ауасы, табиғаты да айналасындағы көршілердікіндей. Көршілері аурушаң, ал олар еш ауырмайды. Барлық еуропалық зерттеушілер бір ғана өзгешелікті атаған. Ол тамақтану салты. Олар жер бетіндегі басқа адамдардан басқаша тамақтанады. 

Тамақтарының негізін бидайдан жасалған таба нандар мен жемістер, ең бастысы өріктер құрайды. Қысы-жазы осы тамақ түрлеріне айтарлықтай ештеңе араластырмайды. Қосатындай да тамақ түрі аз. Қуырылған бидай мен бірнеше өрік – тайпаның тамағын тоқ етеді. Тауда тұратын құнзақұттар тек жаз кезінде басқа да жемістер жейді. Бірақ оларды тек шикі күйде тұтынады. Адамға ең пайдалы дәрумендер дақылдарда: бидай, сұлы, тары, жүгері, қарақұмық, күріш, бұршақ және тағысын тағылар. Құнзақұт әйелдері бидайды тас диірменмен тартып, ұн жасап, оған ашытқы қоспастан құры қара суға илеп, содан нан пісіріп, үйдің қабырғасына қалап қойып кептіріп алады. Сондықтан бидайдың құрамындағы пайдалы заттың бәрі сол күйінде нанның құрамында сақталады. Өріктің өзін ғана жеп қоймай, ішіндегі дәнегінде қалдырмай жеу маңызды. 

Маккаррисон өзінің әріптестеріне осыны айтқанда оған ешкім сенбеген. Ол зерттеу жасаған. Кеміргіштерді үшке бөліп, бірін еуропалық тамақпен, екіншісін үнділердің тамағымен, үшінші топтағысына құнзақұттар тамағын берген. Тәжірибе барысында бірінші топтың кемірушілері түрлі ауырумен ауырыпты. Өте ашушаң, үнемі таласып, қарсыласын өлтіргенше маза таппайтыны анықталған. Екінші топтағылар үнділерге тән ауыруларға шалдығыпты. Үшінші топ мүлде ауырмапты. Олар ойнап, ылғи демалып, дені сау ұрпақ өрбітіпті. 

Сөйтіп, Маккариссон Құнзақұттардың ерекшелігі тамақтану салтында екенін дәлелдепті. Бұл зерттеу адамды сауықтыратын, түрлі ауырудан айықтыратын тамақтану түрі бар екенін көрсетеді. Олардың қайнар көзі – дән мен жаңғақтан тұратыны бүгінде әлемге аян. 

Аударған Шынар ӘБІЛДӘ

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары