Өмірдегі ең жаман нәрсе, әрі ең үлкен қателік ол – сенің балаң бар және бөтен бала болады деп ойлау. Мұндай ойлау жүйесі ешқашанда табиғаттың адамзатқа берген кереметтерін өз балаңның жанына еге алмайсың деген сөз. Онда уақыт өте келе сіз менменшілдік пен даурықпа бос мақтанға елітіп, сіздің бала-шағаңыз да сол жолға ұрынады.
Егер баланы өзіңіздікі және бөтен деп бөлсеңіз, онда сізге жалпы адам баласы жат болғаны да. Ешкім ешкімге тән емес. Онда бізде анамызға тән болмағанымыз ғой. Әрине анасын сүйетін адам көп. Дегенмен, оның ырқынан босап шығатын азат күнді асыға күтеді көпшілік. Оның аялы алақанын сағынып тұрсақ та, оңаша өмір сүргенді қалаймыз. Табиғат заңдылығы.
Міне, сол сияқты ешкімнің өз баласы болмайды. Баланы меншіктеу деген оған жан бітірген табиғат алдында оны өсіру, жетілдіру болып қалмақ. Балаға өз ықтиярымызды жүргізіп, оған өз менімізді таңғымыз келген сайын бала соғұрлым тез қашып кетеді. Егер іс шынымен солай болса, ол бала ешқашан өз ұрпағын ата-анасына бақтырмайды. Сенбейді, өйткені.
Бала деген тұлға. Азат тұлға. Ол өзіне ғана тән. Ата-ананың меншігі емес.
Бірақ өмірде біз тәрбиелемесек те олардың тәрбиесіне біз де жауапты болатын балалар бар. Туыстардың баласы. Достардың. Көршілердің. Бұл балалар біздің өмірге тікелей араласып, қатысып тұрады. Олар басқа. Олар не жақсы, не жаман (өз баламызды жақсы көруімізге байланысты) болады. Олар мүлде бөлек. Олармен араласу, әңгіме дүкен соғу қиын. Оларға қалай қарайсыз? Оларға көзқарасымыз қандай?
Өз балаң еместерге жауапкершілік танытпаймыз. Олармен рухани әңгіме айта алмаймыз. Жанымызды аша алмаймыз. Осы тұзаққа қаншалықты терең түскеніміз одан шығудың себеп, салдарын анықтайтын болады.
Жәй ғана жоққа балап, қоя салуға болар. Кейде бұл өте ыңғайлы. Мысалы, аулада. Сіздің қызыңыз құмда өз ойыншықтарымен ойнап отыр. Жанындағы екі бөбек аузының суы ағып оған тамсанып қарап отыр делік. Олар жыласа, сіздің дәнеңеңіз кетпейді. Ойыншығы жоқ болса, анасы жауап берсін. Солай ма? Келесі жолы құмға ойнауға ойыншықсыз келмейтін болады.
Иттік көзқарас па? Иттік...
Анна Демидова
Аударған Шынар ӘБІЛДӘ