$ 498.34  519.72  4.85

Әуезов ауданының әкімі 11 айды қорытындылады

Алматы қаласы Әуезов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуына ігерілеушілік бар. Атап айтқанда, өнеркәсіп орындары өндірген өнімдердің жалпы құны екі есеге артса, 3 мыңнан астам адамға бос жұмыс орындары ұсынылған. Сонымен қатар, балаларды балабақшамен қамту, мектеп және аурухана мәселелері де шешіліп келеді. Бұл туралы аудан әкімі Алтай Рахимбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Айта кетейік, Алматыда аудан әкімдері әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері бойынша 11 айды көрсеткіштеріне және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысы жайында халық алдында есеп беріп жатыр.

А.Рахимбаевтың айтуынша, аудандағы өнеркәсіп секторы жалпы қалалық өнеркәсіп өнімдерін шығару деңгейінің 11,1% қамтиды. Ауданда ірі және орта дәрежелі 18 өнеркәсіп орны бар екен. 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында бұл кәсіпорындар (шағын кәсіпорындарды қоса алғанда) 72 млрд. теңгенің өнімін өндірген. 2016 жылғы осы уақытпен салыстырғандағы бұл көрсеткіш 102,5%-ға артып, бөлшек тауар айналымының нақты көлемі 307,6 млрд. теңгені құраған. Ірі және орта кәсіпорындарда жалданбалы жұмысшылардың нақты саны 35 966 мың адамды құрап отыр.  2017 жылдың қаңтар-қазан айларында Алматы қаласы Әуезов ауданы бойынша негізгі капиталға инвестиция 38,4 млрд. теңгеге игерілді.

- «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың басынан   бағдарламаның бір бағытын қаржыландыру аясындағы жобалар бойынша ауданда он жоба  мақұлданды. Жобалардың сомасы 263,9 млн. теңгені құрайды, 57 жұмыс орны ашылды. 2017 жылдың қыркүйегінде екінші ОСК «MOSKVA Metropolitan» қолданысқа беріліп, тұрақты 500 жұмыс орнымен қамтамасыз етілді.  Кірістірілген инвестиция сомасы 12 млрд. теңгені құрады. Ағымдағы жылдың желтоқсан айында «Grand Park Almaty» сауда орталығының екінші кешенінің құрылысы аяқталады, оның жалпы алаңы 60 000 шаршы метр. Сонымен қатар, ағымдағы жылы қызмет көрсету саласында 2926 жұмыс орны ұсынылған 10 нысан (мейрамханалар,кафе және ТБС) пайдалануға берілді, - деді аудан әкімі Алтай Рахимбетов брифинг барысында.

Қазіргі уақытта Алматы қаласы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан соммасы 255 млн. теңге құрайтын 1 кезең бойынша ұзындығы 7,6 км жаңа арық жүйесінің құрылысы аяқталды. «Дубок», «Дубок-1», «Алтын-Бесік» шағын аудандарында ұзындығы 6,8 шақырымды құрайтын  үш аумақта арық жүйесінің құрылысы 2 кезең бойынша басталды, жалпы соммасы 119 млн. теңге. Ауданда барлық магистралды көшелер жарықтандырылған, жарық шамдарының жалпы саны – 10470 дана, электр сымдарының ұзындығы – 366,45 км деп мәлімдеді аудан басшысы.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы аула аумақтарына күрделі жөндеу жұмыстары кезінде 424 дана сыртқы жарықтандыру бағандары орнатылып ЛЭД жарық шамдарына ауыстрылыпты. Сонымен қатар, Жұбанов және Өтеген батыр көшелеріне ағымдағы жөндеу және көріктендіру жұмыстарын жүргізу барысында 125 дана жарық шамдары орнатылды. Тұрғын үй қорында барлық көпқабатты үйлердің саны - 1707, оларға 226 ПИК қызмет көрсетеді. Қазіргі кезде қысқа дайындық төлқұжатын барлық көпқабатты үйлер және әлеуметтік нысандар уақытылы алып, жылуға қосылған.

2017 жылы «Аумақты дамыту-2020» бағдарламасы бойынша Әуезов ауданында 55 үйде жөндеу жұмыстары жоспарланған, 45 үйде аяқталып, 10 үйде жөндеу жұмыстары ағымдағы жылдын аяғына дейін жүргізіледі. Жұмыс түрлері: лифт жабдықтарын ауыстыру, подъездерді, инженерлік желілерді, шатырларды жөндеу бойынша жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Барлық сомма 637,34 млн.теңге құрайды.

Жалпы, Әуезов ауданы бойынша 966 аула бар. Биыл 50 аула аумағында күрделі жөндеу жұмыстарынан өткізіліпті. 2018 жылы 65 аулааралық аумаққа күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған.

ҚР «Мүмкіндігі шектеулі жандарды әлеуметтік қорғау» Заңының 3-бабына сәйкес, мемлекеттік стандартқа сай барлық кәсіпорындар мен мекемелерде мүмкіндігі шектеулі жандарға кедергісіз кіру жолдары қарастырылу керек. 2013-2017 жылдары аралығында 267 нысан мүгедек жандардың жүріп-тұруына қолайлы етілген.

Биыл Әуезов ауданында жұмыспен қамту бөліміне 11 айдың ішінде 4163 адам өтініш білдірген. Жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрғандар саны – 1541 адам. Аудан бойынша жұмысқа орналасқандар саны – 2397 адам. 2017 жылдың қаңтар-қараша айларында ауданның өнеркәсіп кәсіпорындарында, шағын және орта кәсіпкерлік нысандарында 4561 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Жыл басынан бері Мемлекеттік атаулы-әлеуметтік көмек - 56 адамға 1 769,4 мың теңге; 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы - 370 балаға 4 444,1 мың теңге; тұрғын үй көмегі - 406 адамға 4 226,6 мың теңге тағайындалып төленді.

Жыл басынан 480 зейнеткерлік жасқа жеткен мүгедектер мен жалғыз басты қарттарға 5 бөліммен үйлерінде әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Аудан бойынша 32 жалпы білім беретін мектеп жұмыс жасайды, оның  тоғызы мектеп-гимназия, физика және математика пәндерін тереңдетіп оқытатын. Екі  мамандандырылған лицей, екі  мектеп-лицей, он төрт  жалпы білім беретін мектеп. Оқыту тілі бойынша 11 мектепте қазақ тілінде, 11 мектепте орыс тілінде, 9 мектепте қазақ және орыс тілдерінде, 1  мектепте ұйғыр тілінде оқытылады. 32 мемлекеттік мектептердегі оқушы саны 43 390 (2016-2017 оқу жылының басында 41 592 оқушы). 32 мектептің жалпы сыйымдылығы 31 745 орын, онда 43 390 оқушы оқиды.  Оқу орнының  тапшылығы  3 047,5 құрайды. Дегенмен,  оқу орнының тапшылығы жылда артуда.№ 117, 121, 123, 133, 158, 173, 175 мектептерде оқушы саны шамадан тыс. 2018 жылы Мамыр-1 шағын ауданында 1200 орынға арналған жалпы білім беретін мектеп салыну жоспарланып отыр. ҰБТ-ң қорытындысы бойынша 2017 жылы қала бойынша Әуезов ауданы 99,64 баллдық көрсеткішпен  екінші орын алды. Тоқсан тоғыз мектептің түлегі «Алтын белгі» иегерлері атанды.

Ауданда 45 мемлекеттік балабақша, 51 жеке балабақша және 17 шағын-орталық жұмыс істейді. Жалпы мектепке дейінгі мекемеге 14 939 бала барады. «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында  44 жеке балабақшаға 1 838 орынға арналған мемлекеттік тапсырыс жасалды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының аясында ағымдағы кезеңде 156 мың адам қатысқан 90 түрлі қоғамдық-мәдени шаралар ұйымдастырылды.

Айымхан Әмірбекқызы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары