$ 498.34  519.72  4.85

7 балалы жалғызбасты ана қараусыз қалған сарайда өмір сүріп жатыр

Қызылорда қаласында жалғызбасты ана 7 баласымен аядай сарайда өмір сүріп жатыр. Бос қалған қараусыз үйді бұл отбасы амалдын жоғынан паналаған, деп мәлімдейді Qazaqstan телеарнасы. 

Отбасында 7 бүлдіршін бар. Ең кішкентайы – 10 айлық. Қалғандары мектепте оқиды. Бір күн аш, бір күн тоқ. Күндері өтіп жатыр. Аналары Жанат 13 жыл отасқан жолдасымен ажырасқан. Басқа барар жері болмағандықтан балаларымен саяжайдағы бос үйді паналауға тура келген.

«Қорқасын мына жақта тұруға. Бір екі рет екі қызымды жоғалтып алдым мектепте. Қай күндері үйге екі мас адам кіріп кетті»,  –  дейді.

Санитарлық жағдайы тым нашар үйде бұл балалар еш күтімсіз өмір сүріп жатыр. Олардың тәрбиесіне де көңіл бөліп жатқан ешбір жан жоқ. Ал, жалғызбасты ананың бар тілегі тек – баспаналы болу.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары