$ 498.34  519.72  4.85

Қарақалпақстандық күйеуі тастап кеткен бес балалы әйел Ақтөбеде қаңғып қалды

Ақтөбеде бес баланың анасы далада қалғанын айтып көмек сұрайды. Өзін Гүлмира Шабарова деп таныстырған келіншек қиын тағдырын айтып жылап жүр деп жазады NUR.KZ тілшісі.

«Осыған дейін жатақхананың бөлмесін жалдап тұрдым. Жатақхана бұзылуға кетіп жатыр, босатуға тура келді. Алғашында үйдің иесі басқа жердегі баспанасын жалдап тұруымызға келісіп еді. Кейін менің әлеуметтік желідегі көмек сұраған суретімді көріп, сендер сияқты бейшара адамдар керек емес деп шығарып жіберді. Енді бес баламен қайда барарымды білмей қаңғып қалдым. Менің жағдайымды жергілікті әкімдік беске біледі», – дейді Гүлмира Шабарова.

Әйелдің балаларының үлкені 19, кішісі 5 жаста.

«Екі балам мүгедек, 12 жастағы үлкен қызым №7 мектеп оқитын еді. Оқи алмаған соң шығарып алдық. Талма ауруы бар. Бес жастағы баламның ақыл есі дамымаған. Қарақалпақстаннан келген жігітпен азаматтық некеде болдым. Оның тұрақты жұмысы болған жоқ. «Шаршадым» деп кетіп қалды. Ол өзінің екі баласы бар екенін біледі. Кіші қызым әкесі кеткенде бір жаста болды. Жолдасымды көрмегеніме төрт жылдан асты. Өзім біреулердің үйін жинап, азын-аулақ тиын табамын. Бар табысымыз- балалардың жәрдемақысы. Сол ақшаны пәтерге төлейміз, балалардың тамағына, киіміне жеткізуім керек», – дейді келіншек.

Қазір келіншекті «Zello Aktobe» тобының еріктілері қамқорлықтарына алып, өз үйлеріне апарған. Отбасыға уақытша тұратын баспана іздеп жатыр.

«Келіншек жағдайын айтып, бізден көмек сұрады. Балалары бар, отбасыға қиын. Бір күн бұрын ғана 25 мың теңге жинап, азық- түлік апарып берген едік. Ертеңіне баратын жер таппай отырғандарын айтты. Бұл отбасыға қатысты әкімшілік хабардар. Баспана қажеттігі туралы ұсыныс жасадық», –  дейді «Zello Aktobe» тобының еріктілері.

Көп балалы отбасы қандай болмасын көмекке мұқтаж. Көмек қолын созам деген жандар үшін Гүлмира Шабарованың нөмірі 8775 705 73 75

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары