$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда емханаларға тіркеу жұмыстары жеңілдеді

Алматыдағы ауруханалар қызметі электрондық жүйеге ауысып жатыр. Осы күні науқасты тіркеу, есепке алу сынды жұмыстар жеңілдетілген. Емханаға келген адам ол жұмыстарды бір тетікшені басу арқылы тындырады. Сонымен қатар, смарт технологиялар да дәрігерлердің жұмысын оңтайландырған.

Алматыдағы №7-ші клиникалық ауруханада «Триаж» жүйесі өз жұмысын бастады. Аталған жаңашылдық іріктеу дегенді білдіреді. Яғни, медициналық қызмет сапасын жақсартуға бағытталған жоба. Қабылдау бөліміне келіп түскен науқастар үш топқа бөлінеді. Оларды есік алдында менеджерлер күтіп алады. Жағдайының ауырлығына қарай сары, жасыл, қызыл түсті білезіктер қарастырылған. Қызыл білезік - шұғыл түрде медициналық көмек көрсетілу керек дегенді білдіреді. Ал, сары - жағдайы орташа, жасыл түс - жарақаттың жеңіл екенін көрсетеді.

«Мына келген науқастарды бөлу керек. Бірінші – қай науқасты реанимационныйға апару керек. Қай науқаспен бірден дәрігер айналысу керек. Қай науқас жарты сағаттай күте алады ол науқаспен орта буын мамандар айналысады. Соны біз түсінуіміз керек. «Триаж» сол үшін», - деді Алматы қаласы №7 қалалық клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Абдуллаев.

Мұндағы тың технологиялар науқастарға сапалы қызмет жасауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұрғындардың сан алуан сұрақтарына жауап беретін «Кол орталық» пайдасын тигізуде. Диспетчерлер таңғы сегізден кешкі сегізге дейін қоңырау қабылдайды. Ал, түнде сауалдар автоматты түрде жазылады. 

Дәрігерлердің сөзінше, жаңадан енгізілген жүйе қабылдау бөліміндегі кезектің санын азайтады. Науқастардың уақытын үнемдеуге септігін тигізеді. Сонымен қатар, медиктердің жұмысын оңтайландырады. Болашақта аталған жаңашылдық қаланың барлық ауруханаларына орнатылмақ.

Медициналық реформа мұнымен шектелген жоқ. Қаланың №16-шы емханасы да сандық қызметке көшкен. Мұнда дәрігерлерге жазылу барысын жеделдетуге мүмкіндік беретін электрондық тіркеу, есепке алу, қан тапсыру бөліміндегі электрондық кезек сынды жаңашылдықтар орнатылған. Енді, медициналық ақпарат жүйесін ендірудің соңғы кезеңі - электронды амбулаториялық картаны қолданысқа енгізу қалыпты.

«Ең соңғы қазір енгізіліп жатқан бұл амбулаторная карта. 2018-ші жылдың бірінші айынан бастап бізде ол жұмыс істейді. Бұл кәдімгідей дәрігерге де, науқастың өзіне де өте пайдалы заттар», - деді  Алматы қаласы №16 емханасы бас дәрігерінің орынбасары Әсел Хамидолла.

Сонымен қатар, АҚШ-та құрастырылған смарт техника жұмыс істеп тұр. Құрылғы осыдан 4 жыл бұрын жеткізілген екен. Ол, жүректегі ақауды анықтауға септігін тигізеді. Яғни, науқастың денесіне электроттар жабыстырылады, кейін адам ақырын жүре бастады. Ал, дәрігерге емделушінің жүрек қағысы сан түрінде монитордан көрініп тұрады. «Смарт жабдық жұмысымызды оңтайландырды», - дейді медиктер.

«Алматы қаласында бұл зат көп емханада жоқ. Сондықтан біздің емханамызға кардио-стандарт өткізу үшін көп емханалар науқастарын жібереді», - деді деді  Алматы қаласы №16 емханасы бас дәрігерінің орынбасары.

Алматыдағы емханаларға әлемдегі озық техникаларды алдыру біртіндеп жүзеге аса береді. Ал, медицина қызметкерлері де жыл сайын шетелге барып, біліктіліктерін артыратын болады.

Айта кетейік, тұрғындарды емханаларға есепке алу жұмысы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында көрсетілген МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) аясында жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары