Алматыда кезекті мемлекеттік қызметтер жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Бұл жолғы әлеуметтік шараны Алматы қаласы Алатау ауданы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қалалық департаменті ұйымдастырған.
- Жәрмеңкенің мақсаты халыққа мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен «Азаматтар Үкіметі» мемлекеттік корпорациясы мен «электрондық үкімет» порталы арқылы қызметтер алудың артықшылықтары туралы түсіндіру болды. Жәрмеңкеге келген барлық азаматтар жергілікті атқарушы органдардан және орталық мемлекеттік органдардың, оның ішінде құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерінен кәсіби кеңес беру және әдістемелік көмек алу құқығын пайдаланды, - дейді ұйымдастырушылар.
Жәрмеңке барысында, Алматыда мемлекеттік қызметтерді 48 мемлекеттік орган көрсетсе, қызметтердің жалпы саны – 353 болды.
Бүгінгі күні барлық мемлекеттік қызметтердің 60%-ы мемлекеттік корпорация және электрондық үкімет порталы арқылы жүзеге асырылды.
-Жәрмеңкеге 21 мемлекеттік мекеме, сондай-ақ «Атамекен», «Даму» ГФСС сияқты 3 үкіметтік емес ұйымдар қатысты. Сәулет және қала құрылысы, денсаулық сақтау, білім беру, актілерді тіркеу азаматтық мәртебесі, тұрғын үй және жер қатынастары және басқа да тиісті салалар бойынша бос орындар ұсынылды.
Бүгінгі күні жәрмеңкеге мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 1 363 адам қатысты. Азаматтарға сапалы консультациялар беру мақсатында мемлекеттік органдар мемлекеттік қызметтерді алудың қадамдық алгоритмін сипаттайтын ақпараттық бейнежазбалар мен материалдарды әзірледі, - дейді Мемлекеттік істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Айгүл Байқанова.
Жәрмеңкеде барлық келушілер электрондық цифрлық қолтаңбаны, қызметтің тәртібін түсіндіріп, кез-келген қызметті электронды түрде ала алады.
Көп жағдайда облыстың тұрғындары азаматтық хал актілерін тіркеуге, желіде қызметтерді алу мүмкіндігіне, жерді тіркеуге және жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелерге қызығушылық танытыпты.
Халықтың сұранысы бойынша ЭЦҚ алу, мекен-жай бойынша ақпарат беру, қылмыстық жазба болмағаны, кредиттік тарихтың болмауы, медициналық ұйымдарға қосылу, баланы балабақшаға қою және электронды қызметтердің басқа да түрлерін ұсынған.
Сонымен қатар, жәрмеңкеге денсаулық сақтау саласының қызметкерлері қатысса, қажет болған жағдайда азаматтарға алғашқы медициналық көмек көрсету туралы кеңес беріп, қызмет көрсетті.
Айта кетейік, жәрмеңкені қаланың әр ауданында жалғастыратын болады. Жуырда Алматы қаласының Жетісу және Алмалы аудандарында жоспарланған.
Ақбота Мұсабекқызы